Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        Кез-келген жастың болашағы, оның өзі таңдаған мамандығына байланысты болатыны анық. Сол себепті мен мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына маман­дық таңдау оңай еместігін айтамын. Сондай-ақ, бүгінде жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіп, оқу, білім алу керектігін түсіндірудемін.
        Адам өмірден өз орнын табуға тырысатыны белгілі, сол себепті ол еңбектенеді, оқиды. Сол арқылы өзі көздеген биік мақсаттарға ұмтылады. Мақсаттарына апарушы жол көп жағдайда өзі таңдаған мамандығына байланысты болғандықтан, сол мамандығының қыры мен сырын жете меңгеруі қажет. Сонда ғана ол жоғарыда айтылғандай өзі армандаған арманына оңай қол жеткізе алатын  болады.
         Жақында осы мамандық таңдауға қатысты өткізген іс-шарамда оқушыларымның бірі болашақта – архитектор болсам деген арманын айтты. Оның арма­­ны осы таңдап отырған мамандығын шебер игеріп, болашақта ғажайып ғимараттар салу арқылы еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам дейді. «Егер архитек­тор мамандығын меңгеріп шық­сам, небір зәулім ғимараттар мен білім ошақтарының үлгісін сызып, жаңа жұмыс бастамасына жол ашқым келеді»-дейді ол. Ал екінші оқушымның – мү­сінші болғысы келуде. «Өз туындыларым арқылы өмірден өткен ата-бабаларымыздың көшірмесін, аң құс­тардың кескінін заман талабына сай ерекше етіп жасағым келеді. Құдай қаласа, суреттерім мен жобаларым үлкен жоғары байқауларда сараланса және нәтижелі болса деп ойлаймын»-деген арманымен бөлісті.
         Қуантарлығы осындай асқақ армандары бар оқушыларым көп. Солардың талпынысы көңіл қуантады, олардың арман-мақсаттары жүзеге асса, келешекте  еліміздің өркендеп-дамуы анық. Өз кезегінде мен де шәкірттеріме мамандықтарды дұрыс таңдауларына пайдасы тиетін кеңестер беруге тырысудамын. Оларға өздері таңдаған маман­дықтардың қыры мен сырына терең үңілулері керектігін, сол арқылы қиындығы мен қызығы қатар жүретін ғажайып мамандықтарды шебер меңгерген білікті азаматтар болуға шақырудамын.
           Айта кетерлігі «Мамандығым – болашағым» жобасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру болып табылады.
Аппазова Дүйсенкүл Алипбековна,
№37 “Еңбек“ ЖББМ кәсіби бағдар беруші педагогы.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...