Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ

        Қарағандыда 2025 жылға арналған Қазақ күнтізбесінің 6-шы тұсаукесер салтанаты болып өтті.
         Дәстүр бойынша жыл басында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында Республикалық Qazaq club өкілдері 2025 жылға арналған Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсаукесерін өткізді. Биыл күнтізбе 20 этнографиялық және 10 әскери-патриоттық күнмен, сондай-ақ 11 тарихи датамен толықты.
Этнографиялық күндерді әзірлеуге облысымызға және республикаға танымал этнограф Төрехан Майбас қатысты. Этнографиялық күндер 17 мамыр — Құралай салқыны, 17 наурыз — Бесқонақ, 26 наурыз — Құсқанаты, сондай-ақ астрономиялық құбылыстарға негізделген 3 ақпан – Үркердің аууы, 5 наурыз – Үркердің жамбасқа түсуі сияқты күндерді және т.б қамтиды.
        Сондай-ақ, биыл күнтізбеге әскери-патриоттық күндер де көптеп енгізілді. Олардың ішінде 9 ақпан – Сардарлар Ер Бөгенбай және Ер Қабанбай күні, 1 шілде – Сержанттар күні, 23 сәуір – Сарбаздар күні (бұл күні белгілі қазақ батыры Қасым Қайсен дүниеге келді), 7 шілде – Аңырақай шайқасындағы Жеңіс күні және т.б. күндер бар.
         — Бүгінде күнтізбе барлығы 104 атаулы күнді қамтиды. Олардың ішінде ресми мерекелер де бар. Оларды қолданушыларға қолайлы болу үшін арнайы енгіздік. Қазақ күнтізбесі барлығы 40 тарихи тұлғаны, 26 рухани құндылықты, 19 тарихи оқиғаны, 6 салтты, 20 этнографиялық және 12 әскери – патриоттық күнді, сондай-ақ 3 дәстүрлі мерекемізді қамтиды. Бүгінде біз Қазақ күнтізбесі арқылы қазақ халқына тән, барлық ұлттық құндылықтарымызды жүйелеп, насихаттауға мүмкіндік алып отырмыз -, дейді күнтізбе авторы Нұржан Сұршаұлы. Биыл ұйымдастырушылар Ұлттық күнтізбенің географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Күнтізбенің тұсаукесері дәстүрлі түрде Астана, Алматыда, сондай-ақ еліміздің басқа қалаларында да өтетін болады. Бұған қоса, Қазақ күнтізбесін шетелде таныстыру жоспарда бар.
           Тұсаукесер шарасы барысында №92 С.Сейфуллин атындағы гимназия мен Әлия Молдағұлова атындағы спорт интернатының оқушылары Қазақ күнтізбесінің қалай жасалғанын біліп, танымдық викториналарға қатысты. Шарада сөз алған Республикалық Qazaq club жанындағы Қариялар кеңесінің төрағасы Сәкен Келдібай «Ұлттық күнтізбе бүгінде жастар арасында тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға, рухани құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге негіз болып келеді. Күнтізбенің әр күні ұлттық бірегейлік пен өткенді еске түсіруге ықпал ететін терең тарихи және мәдени контекстке ие. Қазақ күнтізбесі мәдени мұраны сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік беретін идеологиялық құрал болып табылады – деп атап өтті. Биылғы жылы ұйымдастырушылар 15.000-нан астам күнтізбені шығаруды жоспарлап отыр, бүгінде оның 5000 данасы басылып шықты. Бұл күнтізбелер тұсаукесер шараларында жас жеткіншектерге таратылатын болады.
           -Бүгінде Қазақ күнтізбесі алғаш таныстырылған 13 шілде күнін біз Ұлттық идеология, Ұлттық рух және Қазақ күнтізбесі күні деп белгілеп отырмыз. Шынында да, мұндай атаулы күндер біздің қоғам үшін маңызды деп ойлаймын. Әрқайсымызға ой салатын, қазақ қоғамына қызмет етуге жетелейтін мәні терең 15 ақпан –Тарихи жадыны жаңғырту және Ұлттық тарих күні, 27 ақпан – Салт-дәстүр күні, 22 сәуір – Алтын адам күні сынды атаулы күндер біздің халқымызға ауадай қажет деп білемін деп атап өтті Нұржан Сұршаұлы. Атап өту керек Қазақ күнтізбесіне негіз болған атаулы күндердің басым бөлігі қазақ тарихындағы елеулі даталармен және тарихи тұлғалармен тығыз байланыстырылған.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...