Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕРЕКЕЛІК ШАРА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » МЕРЕКЕЛІК ШАРА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

МЕРЕКЕЛІК ШАРА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

         Мырзакент кентінің орталық алаңыда  ауданның күзгі жиын-терім науқанын қорытындылау мақсатында дәстүрлі «Алтын күз – 2024» мерекелік іс-шарасы кең көлемде аталып өтті. Диқандарымыздың, шаруаларымыздың және кәсіпкерлеріміздің мерекесінде ауыл шаруашылығы тауарларының, кәсіпкерлеріміздің өндірген тауарларының және ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі қойылып, аудан әкімі бастаған топ көрмелерді тамашалап шықты.
          Осы салтанатты кеште сөзге шыққан аудан әкімі Бақыт Асанов барша аудан тұрғындарын күзгі жиын-терім науқанының аяқталуымен шын жүректен құттықтады және үздік нәтиже көрсеткен шаруаларды арнайы мараппаттады. Бұдан бөлек, үздік округтер мен кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы саласының дамуына атсалысып жүрген азаматтарға, мекемелерге, БАҚ өкілдеріне аудан басшысының алғыс хаты мен бағалы сый-сияпаттары табыс етілді.
          «Сіздерді дала еңбеккерлерінің жемісті мерекесі – «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Дана халқымызда «Еңбек еткеннің еңсесі биік» деген тағылымды сөз бар. Күз маусымы – барша диқандарымыздың, шаруаларымыздың, кәсіпкерлеріміздің мерейі тасып, абыройы асқақтайтын кезең. Ауданымызда ауыл шарушылығы мен кәсіпкерлік саласы жыл сайын өсіп, өркендеп, дамып келеді. Ол үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар арқылы осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Осынау қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Мереке құтты болсын!» – деді, Бақыт Насырханұлы.
           Аудан басшысы мақта кластерін дамытып, оны терең өңдеуге күш салынып жатқанын, ол үшін Қытайдан, Өзбекстаннан инвесторлар тартылып жатқанын қоса жеткізді. Сонымен қатар, ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару технологияларына баса мән берілетінін де атап өтті.
           Жалпы  алғанда Мақтарал ауданында 2024 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 76,5 млрд.теңгеге жетті. Нәтижесінде, нақты көлем индексі 104,5 пайызды құрап, облыс көлемінде аудан 4 орынға ие болды.
         Биыл мақтааралдық диқандар 60,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 33,7 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 100 мың тоннаға жуық ақ алтын жиналды.
         Айта кетейік, Түркістан қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай облыстық «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты шарасында Мақтаарал ауданы бақша өндіруден озат аудан атанған болатын. Биыл аудан бойынша 18 мың гектар алқапқа бақша дақылы егіліп, шаруаларымыз бақшадан 500 мың тоннаға жуық өнім жинап, экспортқа және импортқа жіберілді. Жалпы бақша дақылынан алынған өнім гектарына 275,2 центнерді құрап, рекордтық деңгейге жетті.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР

        ...

ӨТ АУРУЫ

        ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...