Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МАҚТАЛЫ АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 32,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » МАҚТАЛЫ АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 32,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН

МАҚТАЛЫ АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 32,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН

          2024 жылдың 10 айында   Мақтаарал ауданында  жалпы өңірлік өнім көлемі 107 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында — 76,5 млрд теңге, құрылыс саласында — 8 млрд 39 млн теңге, өнеркәсіпте — 10,9 млрд теңге, сауда көлемі — 10,8 млрд теңгені құрады. Бұдан бөлек, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 32,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 120,6 пайызға орындалған. Бұл жайында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлы Асанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
          «Биыл Мақтааралдық диқандар 60,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 33,7 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Жалпы аудан бойынша 90,4 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 26,8 центнерді құрады. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, мақта-тоқыма кластерін дамытуда жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын 8 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 3 020 адам жұмыспен қамтылады. Тарқата айтсам, «Cotton Мақта» ЖШС тарапынан 2025-2026 жылдар аралығында жылдық қуаттылығы 10 мың тонна болатын жіп иіру фабрикасы салынады. Сонымен қатар, «Global Textile Turkestan» ЖШС тарапынан 13,8 мың тонна жайма өңдеу фабрикасын салу көзделген. «Тulpar textile» ЖШС тарапынан да 2025-2028 жылдары 5 мың тонна жіп иіретін фабрика салынбақ. Сонымен бірге, «Нұрбибі» ЖШС мақта өңдеу зауытын, «Begash» ЖШС тұқым, тамшылатып суғару таспасын өндіру және «Zhybek TextilE» ЖШС жібек өндіру фабрикаларын іске асыруға ниетті»,- деді Бақыт Насырханұлы.
          Сондай-ақ, аудан әкімі өз сөзінде, аудандағы Үлгілі елді мекенінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектеп жыл соңында пайдалануға беріледі. Ал, Атакент кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, аудандағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 87 тұрғын үй кезекте тұрған отбасыларға жыл соңында табысталмақ. Бұдан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 5 медициналық нысанның құрылыс жұмыстар жүргізіліп жатыр.
          Осы жерде айта кетерлігі, Мақтаарал ауданындағы барлық 68 елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, 68 елді мекеннің 45-і табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 66,1%-ын құрайды. Бұдан бөлек, ауданда «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 айда 20,7 шақырымды құрайтын 22 көшенің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...