Home » Business » АТАКЕНТ КЕНТІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛМЕК

АТАКЕНТ КЕНТІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛМЕК

          Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың төрағалығымен және Атакент пен Өркениет елдімекені тұрғындарының қатысуымен арнайы жиын өтті.
         Жиында аталған елдімекендердің аумағын көгалдандыру, абаттандыру және сыртқы келбетін ретке келтіру мәселелері қаралып, қызыл сызыққа шығып кеткен тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелеріне тікелей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
         Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбеков сөзге шығып, Атакент пен Өркениеттің келбетін ашатын арнайы нобайлық жобаларды тұрғындарға ұсынды.
       Алдағы уақытта Өркениет елдімекені, Ж.Ибраев көшесін, оның ішінде елдімекенге кіре берістен бастап «Мақтаарал» агроколледжінің ғимаратына дейін жалпы ұзындығы 400 метр темір қорған, жол бойына жарық шамдар және аяқжол салу, орындықтар орнатып, көгалдандыру мақсатында туя және басқа да ағаш көшеттерін егу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, колледждің маңына тұрғындардың демалуы үшін аллея құрылысы да басталатын болады.
       Атакент кентіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллея жобасы да әзірленген. Кеңес Одағының батырларына арналған монумент кешені жаңғырып, соғыс ардагерлерінің тізімі алтын әріптермен жазылатын болады. Сонымен қатар, Өркениет елдімекені аумағында орналасқан саябақты реконструкциялау үшін де нобайлық жоба әзірленген. Жобада италиялықтарға арналған монумент, автотұрақ, сахна, балалардың ойын алаңшасы және аттракциондар, орындықтар, жарықшамдар орналасады.
       Кенттегі Ташкент және Ж.Ибраев көшесі қиылысында орналасқан орталық базарға да нобайлық жоба жасалып,  көлік кептелістерін болдырмау үшін Ташкент көшесіне 4 жолақты жол салу жоспарлануда. Ташкент, Е.Шампиев және А.Көпжасаров көшелері бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан ретсіз әжетхана, гараж және ескі ғимараттардың орнына көгалдандыру және абаттандыру үшін де жоба әзірленген. Аулаларға тротуар, автотұрақтар, балалар ойын алаңшалары, спорт алаңшалары, кіші стадион, автотұрақтар және тұрғындардың серуендеп демалуына арналған жасыл-желекті аймақтар орналасатын болады. Ташкент көшесін қиып өтетін Батыс қашыртқысында орналасқан көпірді ретке келтіру де қолға алынып, автокөліктерге және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, көгалдандыру мақсатында ағаштар және темір қорғандар орнатылады.
       Айта кетейік, қазіргі таңда Атакент кентінде 1500 орындық мектеп пен заманауи аурухананың құрылысы жүріп жатыр. 20 мыңға жуық тұрғыны бар кенттің маңына «Орталық Азия» халықаралық сауда орталығын құру да жоспарланған. Алдағы уақытта кентке келетін пойыз жол жөнделетін болады.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...