Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
107,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » 107,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

107,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ

Аудан экономикасы:
            Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 25745783 миллион теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  107,3 %  құрады.
           Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 90108,7 миллион теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 70971,6 миллионтеңге, мал шаруашылығы бойынша 19066,3  миллион теңгені құрады.
           Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша  2023 жылдың қаңтар-желтоқсанда  көтерме сауда 5320,5  миллион теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,5 %, бөлшек сауда тауар айналымы 7684,6 миллион болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  108,5 % болды.
            Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың үшінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады.
2023 жылғы  үшінші  тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 240835 теңгені құрап, бұл 2022 жылғы үшінші  тоқсанына қарағанда 115,4 % құрады.
        Демографиялық процестер. 2023 жылдың 1 желтоқсанында Мақтаарал ауданындағы халық саны 129 750 мың адам, халықтың табиғи өсімі 2726  адам, туу- 3258 адам,  қайтыс болғандар  532  адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 728  отбасы,  ажырасқандар-49. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер — 4704 адам, кеткендер- 4681 адам.
         Тұрмыс деңгейі. 2023 жылғы желтоқсан айында Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда  1,4 %  артты  және  40825 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданының Статистика басқармасының басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...