Home » Business » АУЫЛҒА ДЕГЕН ҮЛКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

АУЫЛҒА ДЕГЕН ҮЛКЕН ҚАМҚОРЛЫҚ

           Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың осы жылдың қыркүйек айында ел халқына арнаған кезекті Жолдауынан маған ең алдымен ауыл-аймақты дамыту мақсатында қолға алынғалы отырған бастамалар, әсіресе жергілікті биліктің әлеуетін арттырып, аумақтың өзекті мәселелерін өздері шешуге қабілетті бюджет қарастыру керек деген ұсыныс ерекше ұнады. Себебі, көктемгі егін егу жұмыстарынан бастап, күзгі жиын-терім науқаны біткенге дейінгі аралықта біз секілді шаруаларға қажетті субсидиялар мен жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағар май, тыңайтқыштарға деп, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны түрлі бюрократиялық кедергілердің салдарынан уақтылы  ала алмаймыз. Ал кейде бір күннің өзі маңызды рөл ойнап, бүкіл жыл бойғы еңбегің далаға кетіп жатады…
         Сонымен қатар бұл Жолдауда Мемлекет басшысының, «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.
         Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек»-дегені де көңілден шықты.
        Осы айтылған мақсаттағы жұмысты жүзеге асыруға бүгінде ауданымызда толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Алайда, сол дайын ауылшаруашылық өнімдерін, әсіресе ауданымыздың брендіне айналған «ақ алтынымызды» тиімді бағада саудалауда үлкен қиындықтарға тап болудамыз. Жергілікті жердегі мақта өңдеу зауыттары оны төмен бағамен қабылдайтындықтан жыл бойғы шығынымыз ақталмай жатады, ал өзге жаққа жоғары бағада сатайық десек, арзан транспорттық жүйе саналатын теміржол  желісі ауданымыз арқылы өтпеген. Бір өкінерлігі мақтадан басқа да ауылшаруалық дақылдарын жаз және күз айларында өткізуде осындай қиыншылыққа тап болып жататындықтан шаруалар жылда шаш-етектен шығынға ұшырап жатады.
       Бұл жайдың шешімі жоғарыда айтқанымдай темір жол желісі деп айтар едім. Президентіміз өз Жолдауында айтқандай «Дарбаза – Мақтаарал» темір жолы тезірек салынып, пайдалануға берілсе, ауданымыз қарқындап дамыр еді деп ойлаймын. Біріншіден жаңа жұмыс орындары ашылса, екіншіден ауданымызға қажетті құрылыс материалдары мен шетелде өндірілген азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарларға арзан бағада қолжеткізер едік. Ең бастысы Ресей не Қытайға өз ауылшаруашылық өнімдерімізді делдалдарсыз тиімді бағада саудалап, қазіргідей сол мақсат үшін Сарыағаштағы темір жол стансасына сандалмас едік.
       Жолдауда айтылға тағы бір мәселе – Су ресурстары және ирригация министрлігін құру керек деген ұсынысты да жан-жақты қолдаймын.  Себебі бұл өзекті мәселе біз үшін барлық кезде күн тәртібінен түспей тұр.  Көршілес елдер арқылы келетін ағын суды жаңадан құрылатын Су ресурстары және ирригация министірлігі тиімді дипломатиялық келіссөздер жүргізе отырып, уақтылы  шешіп отырса құба-құп болар еді. Сонда қысқы сор шаю мен жазғы суғарулар кезінде  ағын судан ещқандай тапшылық көрмес едік. Сонымен бірге оның бағасы да қазіргіден арзандау болар еді деп ойлаймын.
          Қорыта айтқанда Президентіміздің бұл Жолдауында да біз секілді ауыл шаруалық саласында жұмыс істейтін азматтарға пайдасы тиетін жайлар көп айтылған.  Сол себепті ауыл тұрғындары да осы маңызды құжатты жан-жақты қолдайды деп санаймын
Мәжит ТҰРАБАЕВ,
ауыл тұрғыны.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...