Home » Проза

Проза

«МЕНІ ДЕ ТОЙҒА АПАРШЫ, АТА!»

        Әкемнің торы жорғасына мінгесіп, Бала Бөген бойындағы тойға барғаным арада қаншама жыл өтсе де күні кешегідей көз алдымда. Сірә, әкемнің бір жақын досы ұлын үйлендірді-ау, шамасы. «Келінді көреміз» деп ортаға тігілген киіз үйдің сықырлауығынан сығалағанымыз есімде қалыпты. Айтпақшы, ауылға жақындай бере алдымыздан бір топ адам шықты. Әкемізді атынан қолтығынан демеп түсіріп, жорғаны мамаағашқа байлап, киіз үйлердің ...

Read More »

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАТЫН БОЛДЫ

         «Заң» медиа-корпорациясына» қарасты «Заң газеті» басылымының мұрындық болуымен өтетін Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы биыл да жалғасын табатын болды!-деп хабарлайды  «Заң газеті» басылымы.         Бесінші рет ұйымдастырылып отырған осы додаға Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетпек екен. Жүлдегерлер қазан айының соңына қарай қасиетті Сыр елінде марапатталады. Байқауды өткізудің мақсаты: – Детектив жанрының атасы ...

Read More »

ТАТУ ҮЙГЕ ТАҚСІРЕТ ЖУЫМАЙДЫ НЕМЕСЕ ШАҢЫРАҚ НЕГЕ ШАЙҚАЛАДЫ?

Сабырбек ОЛЖАБАЙ          Тақырыпқа бармас бұрын оқырмандарға мына екі жәйтті айтқым келеді.          Бір келіншек жұмысында үнемі «күйеуіммен ажырасамын» деп құрбыларына мұң шағып жүреді екен. Бір күні құрбысы: « Соңғы кезде үнің шықпай қалды ғой. Қалай, күйеуіңмен ажырасатын болдың ба?» деп төтесінен сұрақ тастапты. «Жоқ, ажыраспайтын болдым» депті күйеуіне көңілі толмай жүрген келіншек. «Ойбай-ау, кеше ғана өзің емес пе едің, ...

Read More »

ӘМЕҢГЕРЛІК АЙЫП ПА?

Сабырбек ОЛЖАБАЙ.          Былтыр қасиетті күй өнерінің жарқын тұлғасы, «Ғасыр адамы» атанған күй анасы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы  республика көлемінде аталып өтілді. Осыған орай ұлы күйші туралы деректерді оқып отырып, бір қызықты жәйтке кезіктім. Ол былай.          Дина 19 жасқа толғанда Нұрпейіс Мақатұлына тұрмысқа шығады. Бірде анамыз құжат алу үшін ауылдық кеңес кеңсесіне барады. Құжат толтырушы: «Фамилияңыз кім?» деп сұрағанда ...

Read More »

ЖЕРҰЙЫҚ

            – Саған бір қызық көрсетейін бе?-деді сырттан сөйлей кірген Нұрсұлу.           –Тағы қандай қызығың дайын тұр еді?-деді  Жақсылық әйелінің бірнәрсені қоңырсытпаса жүре алмайтынын меңзеп.           -Осы сен де. Мен бірнәрсе айтсам болды, үнемі осылай ауызыма қақпақ қоясың да жүресің,-деп Нұрсұлу шамданып қалды.           -Өзің бүгін  ауыздығыңмен алысып тұрсың ғой. Тағы қандай боран-бұрқасын басталар екен?-деп  ...

Read More »

АҚЫЛДЫ ҚУАТТАНДЫРАТЫН ҚҰРАЛ немесе идеология неге икемге келмей тұр?

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.          Әдебиет, Зейнолла Қабдолов ағамыз айтқандай, қашан да ардың ісі. Қай қоғамда да әдебиет замана тынысын, қоғам қозғалысын, сол дәуірде өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін, арман-аңсарын,  тебіреніс -тербелістерін,  жан дүниесін жарқырата ашуымен құнды. Осы арқылы әдебиет  заман шындығын жарқырата көрсете отырып, тұтас бір дәуірдің паноромасын жасап, халқын тәрбиелейді, тәлім береді. Бұл адамзат қолына қалам алып, ...

Read More »

МЫЛЖА-МЫЛЖА ҚҰЛАҚ ХИКАЯСЫ

Қалың бет, бура түсті қара нардай, Жұп-жұмыр, жуан діңгек, бойшаң дардай. Өзге жұрт  ергежейлі ол келгенде, Айбынды, жолбарысқа болар пардай. Сәкен СЕЙФУЛЛИН.           Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай ерекше бітімді, жаны жайсаң, еңбектері дара ерлері бар. Олар жайлы ел жадында айтылар әңгімелер аңызға бергісіз. Французша және еркін күрестен халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, 1927 ...

Read More »

МАҚСАТ – ӘДІЛДІКТІ ОРНАТУ

(Оқиға ойдан құралған. Кез-келген сәйкестік кездейсоқтық деп есептелсін) Ол көзін жайлап ашып алғашында нақты қай жерде жатқанын түсіне алмады. Басы қатты ауырып тұр екен. Сәлден соң ауруханада жатқанын түсінгенмен, өз есімінде есіне түсіре алмады. Көрші керуетте жатқан далалық әскери формадағы адамды көрген сәтте, біреулердің «Ау командир!», «Ешкімге сенбе!», «…бәселекестерінің адамы шығар?», «Маңызды тапсырма!», «Сақ бол!» деген сөздер есіне түсті. Бірақ ...

Read More »

ҚҰМЫРСҚА

(Әңгіме)   Қазақстаннан мамырдың жиырма бірінде Мәскеуге келгенмін. Науырыз айында тоқсан бес жастағы анам қайтыс болған еді, енді осындағы ағайынға өзіміздің Елшіліктің ғимаратында құдайы тамақ бергелі дайындық жасап жатқанбыз.Үйдегі елден әкелген өрік-мейіз, жаңғақтарды дастарханға салсын деп, реттегелі  қарағанымда, ішінен бір құмырсқа шыға келгені.Өзім биолог болсамда, жыбырлаған жәндіктерден жаман қорқатын басым оны мыжып қалғалы оқталып барып тоқталдым. Мәскеуде әлі құмырсқа шыға ...

Read More »

ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ

Таңғы бестен Мәскеудің ащы ішектей созылған жолдарындағы көлік тосқауылына шашала-қақалып Шереметьево әуежайына жеттік. Жол құжаттарымызды тіркетіп тұрғанда Алматыға ұшқалы тұрған қазақ ағайындармен таныстық. Жоғарғы оқу орнында оқитын қызына келіпті. Қазақстандық студенттермен араласып жүрген мені сырттай танитын болып шықты. Мәскеуде туып-өскен оқушым Нұрсұлтан екеуміз Талдықорғанда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өтетін «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты IV Халықаралық ...

Read More »