Home » Қоғам

Қоғам

КЕШЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 255-108 «Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу» кіші бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу» туралы Қазақстан Республикасы Ауыл ...

Read More »

ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР

        Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының  Көркемдік кеңесі 2023 жылдың репертуарына алынған заңғар жазушы М.Әуезовтің  «Айман – Шолпан» трагикомедиясы мен  драматург Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әпсанасына  арналып  сызылған безендіру эскиздері  мен костюмдерінің үлгілерін талқылады. «Айман –Шолпан» қойылымының   эскиздері  қазақы ою-өрнектерге өте бай, ұлттық бояуы басым.       Көркемдік кеңес  төрағасы тарапынан   киімдердің сапасына  ерекше мән берілуі  керектігі, өйткені  бұл ...

Read More »

ТАБИҒАТПЕН ДОС БОЛ!

       Жуырда біздің  кітапханамыздың  ұйымдастыруымен  «Табиғатпен дос бол!» атты сурет салу байқауы өткізілді. Бұл байқауға ауылымыздағы Қ.Абдалиев атындағы №54-ші жалпы орта мектебінің даярлық тобының оқушылары қатысты.        Іс-шарнаың мақсаты – жас буынның Табиғат-Анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың бейнелеу өнеріне қатысты қабілеттерін арттыру болды.        Халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев ...

Read More »

ШАРИҒАТ БОЙЫНША БАЛАНЫҢ ШАШЫН АЛУ

       «Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,         Көгілдірі аққудың секілдім-ай!»,-деп қазақ халқы әндете жүріп, кекілді, айдарлы әрі айбарлы ұл, тұлымды қыз өсірген. Ерекше шаш үлгісін қойған ұрпағынан көп үміт күткен. Ұлының тоқымқағар тойын сәтті атқарған әкелер сол уақыттан бастап ұлына айдар мен кекіл қойып, қызына тұлым өрген. Алтын айдарлы аймаңдай ұлын көз бен сөзден барынша қорғағысы келген ...

Read More »

Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР-ОЖДАН ФИЛОСОФИЯСЫ

          Барын бағалаған ел ғана қашанда жолынан жаңылмай, тарихқа бағыт бере алады. Сондықтан да өткеннің өнегесі –  бүгіннің баға жетпес байлығы.Қазақ елінің тәуелсіз даму жолында ұлтымыздың ұлағатты ұлдары қолына қару алып та, қалам алып та қызмет етті. Өйткені еркіндік үшін күрестің жолдары да саналуан. Қазақ даласынан шыққан ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философШәкәрім Құдайбердіұлытуғанына биыл 165 жыл ...

Read More »

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҰҒЫНУЫ

           Қазақ халқы орнын басар ұрпағының денінің саулығы мен ой санасының дұрыс қалыптасуына қатты мән берген. Оған әсер ететін дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты – халықтың ұлттық ойындары. Ұлттық ойынды ата-бабамыз баланың көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастыратын тәрбие құралы деп санаған. Сондықтан баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын  сан түрлі ұлттық ойындарды ойлап тапқан. ...

Read More »

ӨМІРДЕ АДАМҒА ҚАДІРЛІ КІМДЕР?

          Жаратылыс заңдылығынан еш нәрсе тысқары шыға алмайды. Қанша ғасырлар өтті күннің батып, таңның атуын, қыс келіп, жаздың кетуін ешкім өзгерте алған емес. Себебі, бұл құбылыстар бекітіліп қойған өзгермейтін ереже. Сондықтан жер бетінің өте ұлық та, керемет болған адам баласының  жаратылысының өзіндік ережелері мен бастаулары бар. Адам баласы ол ережелерді сақтамай, өзінің өмір сүру принциптерінен тайған ...

Read More »

ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ – РУХАНИ ДАМУ КЕПІЛІ

       Ислам діні бейбітшілік пен береке-бірлік діні. Қаншама ғасырдан бері қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрімен үйлесімін тауып келеді. Дін жай ғана сенім немесе құлшылықтардан тұрмайтынын айта кеткен жөн. Алайда қазір қоғам арасында өкінішке орай дінді біліммен емес, сезіммен түсініп жүргендер бар. Олар тіпті Исламның қарапайым қағидаларын да білмейді. Бүгінгі таңда діни тұрғыда қоғам ойы екіге бөлініп, көптеген қарама-қайшылықтар ...

Read More »

ЖАЛҒАН СӘЛӘФИЛІК ИСЛАМ ҮММЕТІ ҮШІН ҚАУІПТІ АҒЫМ

           «Сәләф» сөзі тілдік тұрғыдан «Алдын өмір сүргендер, ата-бабалар, бұрынғылар»,-дегенді білдіреді. Терминдік тараптан бұл сөз белгілі бір кезеңге қатысты мағынаға келеді. Яғни, пайғамбар (с.а.с.) заманында және одан кейінгі екі ғасырда өмір сүрген мұсылмандарды «сәләфи салих» деп атайды. Осыған орай, имам Бұхари және Муслимде келген Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде: «Ең абзал кезең – ...

Read More »

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ АЛУ

        Ислам діні – ілім алуға, сауатты болуға шақыратын дін. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Оқы!»-деген. Демек, алғашқы аяттар білім алу керектігін меңзеп тұр. Алайда, аятта қай ілім саласын оқу керектігі айтылмаған, бұл аят жалпылама ілім алуды, сауатты болуды бұйырып тұр. Сол үшін адам өмірінде діни ілімнің де, дүниелік ілімнің де алатын орны ерекше. ...

Read More »