Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР

ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР

         Жуырда біздің «Кенесары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мамандығым – болашығым» жобасы аясында «Еліне еңбегі сіңген тұлғалар» тақырыбында әртүрлі мамандық иелері мен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткіздік. Бұл іс-шарамызға – ардагер-ұстаздар Жумахан Альбаев пен Сайдықыз Абдрахманова, механизатор Алтынай Жиенбаева, электр энергия саласының маманы Сапарқұл Сулеев, аудандық мәслихат депутаты Азамат Қожабаевтар сыйлы қонақ ретінде қатысты.

       Осы шарамыздың мақсаты: жоғары сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдай білуге, өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын, мамандыққа сай тани білуге бағыт-бағдар беру болды.
         Кездесуді аша отырып, мен «Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады. Соымен бірге, кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен оның беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет»-деп мамандықты таңдаудың қаншалықты маңызды екенін, сондықтан бұл мәселеде қателесуге болмайтындығын қысқаша түсіндіріп өттім.
        Өз кезегінде кездесуімізге келген қонақтарымыз, мектебіміздің 9-10-11-сынып оқушыларына өз мамандықтары туралы әңгімелеп, оның қыр-сырымен бөлісті.  «Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Әлбетте, белгілі бір мамандықтың әлеуметтік мәні мен одан моральдық қанағат алуы өте маңызды. Әрбір адамның кез келген саладағы табысқа әсер ететін белгілі бір жеке қасиеті болады. Бұл тамаша есте сақтау, күрделі ойлау, бай қиял және табиғаты бойынша генетикалық және көбінесе тәрбиеге, білімге және өмірлік тәжірибеге байланысты басқа да ақыл-ой қабілеттері болуы мүмкін.
        Мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда лайықты орнын табу оңай шаруа емес. Барлық мамандық маңызды. Кейбіреулері математикалық қабілеттерді қажет етеді, басқалары шығармашылықты қажет етеді, енді біреулері дене шынықтыруды қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандық болмайды, тек ұнайтын немесе ұнамайтын мамандық бар. Өмірде бәрі бір-бірімен байланысты болғандықтан, дұрыс мамандық өмірдің барлық саласына әсер етеді. Таңдау неғұрлым сәтті болса, өмір жолы соғұрлым қызықты және табысты болады»- деп оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда еш қателеспеулері керектіктері туралы, бастысы мамандықты жүрек қалауымен таңдаулары керектігін айтып өтті.
           Кездесудің барысында мектеп оқушылары іс-шара қонақтарына арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып берді.

 

Айгерім УМИРБЕКОВА,
 «Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ» КММ-нің кәсіби бағдар беруші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...