Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ

МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ

           «Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мен музыка пәнінің мұғалімі Б.Әбдуевпен біргелікте «Мамандығым-болашағым» тақырыбында 9-10-11 сынып оқуышыларымен өз саласында айтулы жетістіктерге жеткен азаматтардың кездесу кешін өткізіп, мектебіміздің республикаға танымал түлектерінің суреттері слайд арқылы көрсетіліп, оқушыларға таныстырылды.
           Мақсаты: жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру болған бұл кездесу кешімізге – зейнеткер, ардагер ұстаз — Қ.Ибраев, Жетісай аудандық полиция қызметкері мектеп инспекторы — Н.Сманов, «Достық» ауылы дәрігерлік пунктінің фельшері — Н.Шахизадалар қонақ болып келді.
        Оқушыларымыздың болашағы үшін маңызы ерекше осы іс-шараны мектебіміздің директоры А.Агайдарова ашып беріп, өз сөзінде мектебіміздің мақтан тұтар түлектері туралы қысқаша айтып, оқушыларға болашақ мамандықтарын сәтті таңдауларына кеңес берді.
         Кездесуіміздің қонақтары оқушыларымызға – мамандық таңдаудың жауапты, маңызды қадам екендігін, адамның еңбекке, зейінді, қабілетті болуы, дұрыс таңдаған мамандық адамды жетістікке жеткізетінін айтып, «Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандықтарына байланысты. Сол себепті маман­дық таңдау оңай емес. «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіп, оқу, білім алу керек. Ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам өмірден өз орнын табуға тырысады, еңбектенеді, оқиды. Әсіресе, белгілі бір мамандықты игеріп шығу ең маңыз­ды қадамдардың бірі. Әрбір адам ас­қақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүйіп қана қоймай, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгерулерің керек. Сонда ғана өздерің таңдаған мамандықтың қаншалықты құнды әрі маңызды екенін түсінулеріңіз керек»-деп бұл мәселеде қателеспеуге кеңес беріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
         Сондай-ақ, кездесу барысында осы мектептің танымал түлектері – ҚР Шекара әскерлерінің запастағы подполковнигі Тамара Дәулетбаева, танымал ғалым, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, әлемнің айтулы университеттерінде баяндамалар оқыған Нұрлыбек Жұматаев, Төлеби аудандық ауруханасының дәрігері Бекжан Мұсалар тарапынан дайындалған шағын бейнероликтерде олар өздерінің мамандықтары туралы қысқаша баяндап, оқушыларға болашақта таңдаған мамандықтарының кәсіби мамандары болуға кеңес берді.
            Оқушыларымыз қонақтарымызға мамандықтарға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын еркін қойып,  еркін форматта  қызықты өткен іс-шарамызды мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Даулетбаева апай қорытындылап, қонақтарымызға алғыс айтып, оқушыларға аға буыннан үлгі алуға шақырды.
Ж.ТУТКАБЕКОВА,
«Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің» кәсіптік бағдар беруші педагогы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...