Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҮЛКЕН ЖОЛЫ - ҰЛЫЛЫҚ,ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҮЛКЕН ЖОЛЫ — ҰЛЫЛЫҚ,ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП!

ҮЛКЕН ЖОЛЫ — ҰЛЫЛЫҚ,ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП!

        «Мамандығым – болашағым» жобасы бойынша, Әбілхан Қастеев атындағы №46 жалпы білім беретін КММ-де «Үлкен жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!-атты тақырыпта ардагер ұстаздар мен мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары арасында мағыналы кездесу болып өтті.
        Осы кездесуді өткізудегі мақсатымыз – оқушыларымыздың бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілікті қалыптастыру, олардың өз-өздерін тану аймақтарын кеңейту, мамандық әлемінен ақпарат алу, келешекте өз мамандықтарын  дұрыс таңдауларына жол көрсету болды.
        Шәкірттеріміздің болашағы үшін маңызы ерекше осы іс-шараны аша отырып, «Бүгін сендер өткен күндердің алтын қазынасы – ардагер ұстаздармен жүздесіп, мол өнеге алып, олардың кәсіби тәжірибелерімен танысасыңдар. Ардагер ұстаздарымыз көп жылдар бойы білім саласында аянбай тер төккен, қызмет жолында көптеген шәкірт тәрбиелеп, келер ұрпаққа өнеге болған. Олар біздің білім ордамыздың мақтаныштары. Сендер де мектеп бітірген соң, өздеріне лайық мамандықтарды игересіндер. Естеріңде болсын, кез-келген мамандық – тек күнкөріс көзі ғана емес, сонымен бірге нақты бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі де. Сол себепті де біз сендердің осы мәселеге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңа сенеміз»-деп, оларға мамандық таңдаудың қаншалықты маңызды екенін барынша  түсіндірдік.
        Шара барысында сонымен қатар, білім ордамызды әр жылдары бітіріп шығып, бүгінде еліміздің әр бұрышында түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген, мектебіміздің мақтан тұтар түлектері туралы арнайы дайындалған видеороликтер оқушыларға көрсетілді.
        Ашық форматта, еркін жағдайда өткен іс-шарамыздың қорытынды бөлімінде жоғары сынып оқушылары қонақтарымыз бен ұстаздарға мамандықтарға қатысты өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Гүлжайна ӘЛІМХАНОВА.
Ә.Қастеев атындағы №46 мектебінің мұғалімі, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...