Былтырғы жылы Шардара аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында 4 отырыс өтіп, өтінім берген 180 азаматтың 130-ның құжаты мақұлданып, мемлекеттік грант берілген. Ал, биылғы жылы 91 адамнан келіп түскен өтінімдердің 70-і мақұлданып, қаржы алған азаматтар өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жасап жатыр. Сала мамандарының мәліметінше былтырғы жылы мемлекеттік қайтарымсыз қаржы алғандардың басым бөлігін мал шаруашылығымен айналысатындар құраса, биылғы грант иелері нан өнімдерін ...
Read More »ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі. Тәуелсіз елдің бүгінгі азаматтарының ішінде қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқандары да баршылық. Мемлекетке алақан жайып отыруды жөн санамаған ел ағалары түрлі қоғамдық қайырымдылық қорларын ашып, көптің көмегімен шын мұқтаж жандарға қолұшын созып келеді. Сондай қайырымдылық қорларының бірі «Шағалалы Шардара» ...
Read More »52 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Қызылдың құмынан орын алып, бүгінде атырапқа аты мәшһүр шағалалы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Күн санап мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, ескілері жаңартылып жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту ...
Read More »ШАРДАРАДА КӘСІП АШҚАНДАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН
Шардара ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылып, жемісін беріп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына биылғы жылдың соңына дейін жоспардағы қатыстырылуы тиіс 3872 адамның 3682-сі қатыстырылып үлгерген. Оның ішінде 1165 тұлға жұмыссыз болса, 1961 адам ...
Read More »ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АГРОСАЛАДА ОЗАТ АТАНДЫ
Түркістан қаласында, жаңадан бой көтерген «Конгресс Холл» ғимаратында жемісті жылдың жетістіктері қорытындыланып, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталған «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Арнайы өткен іс-шара Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесімен бастау алды. Қалың көпшілікке осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан ...
Read More »Б.ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 10 ҮЙДІ СЫЙҒА БЕРДІ
Кәсіпкер-меценат, мемлекет және қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың қоры мақтааралдықтарға 10 үйді сыйға берді. Аудан әкімі Бақыт Асанов баспаналы болған отбасыларды қуанышымен құттықтап, үйлердің кілттерін табыстады. «Әрбір отандасымыздың баспаналы болғанын көру — мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін Болат Өтемұратов қорының атынан Сіздерге баспана кілттерін табыстап отырмыз. Бұл үйлердің барлығы да жетім ...
Read More »ІРІ ҚАРА ЖӘНЕ ҰСАҚ МАЛДАРДЫ БІРДЕЙЛЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Құрметті мырзакенттіктер! ҚР АШМ 30.01.2015 жылғы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығына сәйкес қолда бар ірі қара және ұсақ малдарды бірдейлендіру (сырғалау және таңбалау) сұралады. Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға және оны болдырмауға септігін тигізетіні анық. Сондай-ақ: ҚР АШМ 29.04.2020 жылғы «Ауыл шаруашылығы ...
Read More »БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫН ОРНАТЫҢЫЗДАР!
Құрметті Мырзакенттік кәсіпкерлер! Сіздерден кәсіпкерлік нысандарыңызға бейнебақылау камерасын орнату сұралады. Басты мақсат – заң бұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар, ұрлық пен тонаудың жолын кесу. Бейнебақылау жүйелерінің дамуы — заңбұзушылықтың алдын алудың тиімді әдісі. Бейнебақылау құрылғысын орнатудың тиімділігі түрлі деңгейдегі құқық бұзушылықты ...
Read More »АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАҚ
2018 жылдан бері өршіп келе жатқан бұл дауға Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Бәйбектің де қатысы бар болып шықты. Себебі ол әкім болып тұрған уақытта, осы даулы қаулыға қол қойған екен. Жер аумағы, «ТКМ» ЖШС-на жиырма жылдан бері жер пайдаланушы құқығы бойынша тиесілі болған. Қазіргі дау сол «ТКМ» ЖШС-ның жерді пайдалану артықшылығы туралы ...
Read More »ҚАЗАҚСТАН, БАӘ ЖӘНЕ РЕСЕЙ «ГАГАРИН СТАРТЫН» ЖАҢҒЫРТУ БОЙЫНША НИЕТ ХАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Келісімге Dubai Airshow 2021 халықаралық авиациялық-ғарыштық көрмесі аясында қол қойылды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Біріккен араб әмірліктері Ғарыш агенттігі және «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы арасында «Байқоңыр» айлағындағы «Гагарин старты» алғашқы коммерциялық ғарыш жобасы бойынша хатқа қол қойды. Бұл — «Байқоңыр» айлағына шетелдік инвестицияны ...
Read More »
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!
