Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАН СПЕКА ҰЙЫМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

ҚАЗАҚСТАН СПЕКА ҰЙЫМЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

         Алматыда Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар бойынша БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) жұмыс тобының 3-ші сессиясы өтті. Кездесуге қатысушылар 2021-2022 жылдардағы жұмыс қорытындыларын шығарды және тұрақты даму үшін СПЕКА инновациялық стратегиясын іске асыру тетіктерін талқылады.
        Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар жөніндегі жұмыс тобының құрамына жоғары деңгейлі саясаткерлер, зерттеушілер және СПЕКА-ға қатысушы жеті елдің, атап айтқанда Ауғанстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның инновациялар мен технологиялар саласындағы басқа да мүдделі тараптары кіреді.
        Биылғы кездесу гибридтік форматта өтті, оған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, Солтүстік және Орталық Азияға арналған субөңірлік бөлімшенің (SONCA) басшысы, ЭСКАТО Николай Помошников, БҰҰ Еуразиялық экономикалық комиссиясының өкілі Кристофер Ати, сондай-ақ СПЕКА мүшелері қатысты.
       Сессияның ашылуында сөз сөйлеген Асқар Жамбақин Қазақстанда цифрлық трансформация бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, нәтижелі шаралардың арқасында еліміз онлайн қызметтерді дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 11 – орынға, «электрондық үкіметті» дамыту индексі бойынша 29 – орынға және киберқауіпсіздік деңгейі бойынша 31-орынға ие екенін атап өтті.
       «Біз жаңа жүйелерді әзірлеу және мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін азаматтармен және бизнеспен қарым-қатынас арналарын кеңейту арқылы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының цифрлық күн тәртібін белсенді түрде дамытудамыз. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтердің шамамен 95%-ы автоматтандырылып, электронды форматқа көшірілді, қазір біз қызметтерді цифрландырудың 100% жолында тұрмыз»,-деді вице-министр.
        Сонымен қатар, Асқар Жамбақин өңірде бір мемлекет ғана жүргізіп отырған цифрландыру ЭСКАТО ұйымына қатысушы барлық елдердің цифрлық дамуына алып келмейтінін атап өтті. Осылайша, Қазақстан заңнамалық деңгейде цифрлық құжаттарды қағаз құжаттарға теңестірсе де, біздің шетелдегі азаматтарымыз қағаз нұсқаларын қолдануға мәжбүр.
       «Біз, әрине, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттер қорғайтын деректерді таратпау жөніндегі барлық талаптарды ескере отырып, ақпараттық жүйелердің мемлекетаралық интеграциясы туралы байыпты ойлануымыз қажет. Біздің түпкі мақсатымыз- азаматтарымыздың, бизнестің және мемлекеттік органдардың өзара іс – қимылын қарапайым және адамдарға бағдарлы ету», – деп өз ойын ортаға салды Асқар Жамбақин.
       Бұдан басқа, жұмыс тобының отырысы барысында Алматыда субөңірлік мамандандырылған ұйым – орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығы құрылатыны белгілі болды, оның қызметі Орталық Азия өңірін цифрландыруға  бағытталатын болады.
        Кездесу соңында Асқар Жамбакин СПЕКА қатысушыларын 2022 жылғы 28-29 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Digital Bridge халықаралық  іс-шарасына қатысуға шақырды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...