Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері және оқылуы өтті. Шараға жинақ авторлары мен танымал қоғам қайраткерлері қатысты. “Дала сыры, тау жыры” кітабы – Étage дизайн студиясы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте құрған әлеуметтік жобасы. Қазақ және орыс тілдеріндегі бүкіл тираж қоғамға ашық қол жетімді болуы үшін ...
Read More »АҚСАҚАЛДАР, АҚЫЛМАН АРДА АСЫЛДАР!
Ақсақалдар, ақылман арда асылдар, Кеудесінде дәстүрдің қамбасы бар. Бойларында намыстың жалғасы бар, Ойларында дария арнасы бар. Қариялар, ақылгөй абыздарым, Тірілткен талай тарих аңыздарын. Құны немен өлшенер сен дарытқан, Тәрбие дейтін құнды қазынаның. Батагөй қасиеттім қара шалдар, Кемеңгер, әрқайсысы қара нарлар. Өсем деген ұрпақтың бүгінгісі, Қариясын сыйлаумен дараланар. Өткен мен кеткенді кең бағамдайды, Ақ тілекпен халқына бақ арнайды. Үлкен, кіші жақсылық ...
Read More »ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АТАСЫ
Жуырда ауылымыздағы №34 «Бірлік» атындағы ЖОМ-нің оқу залында, ұлт мақтанышы, көсемсөздің шебері, Алашорда қозғалысының жетекшісі болған көреген саясатшы болған Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Қазақ әліпбиінің атасы» атты танымдық кешті ұйымдастырдық. Бүл іс-шараның мақсаты – жас буынға ұлт ұстазы саналатын А.Байтұрсыновтың саяси өмірі, шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы құнды деректер беру, ұлы тұлғаның ...
Read More »МАШАН БАТЫР
(15 ҚАРАША БАТЫРЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ) ДАСТАН ӘЛҚИСА Машан батыр туралы жазайын деп, Қаламды қару етіп алайын тек. Батырдың батырлығын тыңда халық, Толғанған жаудан кекті алайын деп. Жаратқан бір Алланың құлы менмін, Ер Машан бабам жортқан ұлы жердің. Қаным Қазақ болғанда тегім Түрік, Айбынды хандык құрған ұлы елмін. Күші ерен қайтпас мінез батыр тұлға, Құдайым қуат берген батыл ұлға . Ерлігін ...
Read More »КЕНЕ ХАН
(15 қараша – Батырлар күні!) Ұлтын ойлап ұйқысыз таң атырған, Жұртын қорғап бес қаруын асынған. Айбатынан арыстандай ақырған, Сағы сынып жаудың сұсы басылған. Арғы атасы Абылайдай асылдан, Текті туған терең ойлы Қасымнан. Ер жүректі алғыр еді жасынан, Асау еді сөз асырмас басынан. Сертке берік семсер мінез Кененің, Ер жігіттер қалмаушы еді қасынан. Қазағына жаны удай ашыған, Хан Кененің қаны қайнап ...
Read More »15-ҚАРАША – БАТЫРЛАР КҮНІ
Қамал бұзар қазақтың батырлары, Намыс-от боп жан-күйі лапылдады. Арыстандай белгілі айбаттанып, Жолбарыстай жауына атылғаны… Елдік үшін мұз шайнап, отқа кірген, Ерлік құрып еңселі топқа кірген Жаудың легі жеткенде ел шетіне, Атой салып ал сонда атқа мінген. Ауылдастан кезі жоқ алыс қонған, Қарындастан жері жоқ қалыс қалған. Толағай төс,бура жон батырлар-ай, Найзасының ұшында намыс жанған. Бүлік салып бой ...
Read More »АУЫЛЫМ
2020 жылдан бастап «Сәкен Сейфуллин» атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Тарих» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Жәйірбек Бекбол Жәйірбекұлының бойында ақындық қабілет бар. Ол 1982 жылы 11 ақпанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылында өмірге келіп, 1999 жылы Қаратұрық ауылындағы Авут Саттаров атындағы орта мектепті бітірді. 2007 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық ...
Read More »ЖҮРЕГІ ЖЫР ДЕП СОҚҚҚАН ЖУРНАЛИСТ
Нұрғиса Төремұратов 1975 жылы дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Түркістан облысы, Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің редакторы. Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 2004 жылы ОҚО «Үш бәйтерек» мүшәйрасының бас жүлдегері. 2006 жылы Арал қаласында өткен республикалық мүшәйраның 2-орын жүлдегері, 2012 жылы Астанадағы және ұлт мақтанышы Д. Қонаевтың 100 жылдығына ...
Read More »БИІКТЕРДЕН КӨРІНШІ МЫҚТЫ БОП ТЕК!
(Сырлас ақын інім Жолдасбеков Мықтыбек Мамытұлына арнадым) Мықтыбек мықты болшы тосын жайға, Ер жігіт сыналады осындайда. Сезімге бай жансың ғой ақын жанды, Бостық қылсаң бұл тағдыр басынбайма. Өтіп жатыр талай іс басымыздан, Арпалыстық тірлікпен жасымыздан. Сынағы бұл Алланың бізге берген, Сабыр берсе, дәм кетпес асымыздан. Солай інім сендағы Мықтыбексің, Ой, санаңды Жаратқан мықты етсін. Мұңдасатын жан табу қиын боп тұр, ...
Read More »ЖЕТІСАЙ ЖҰРТЫ АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ
Мырзашөл топырағы талай-талай тума таланттарды өмірге әкеліп, томағасын сыпырып, өнер, спорт әлеміне қанат қақтырған қасиетті жер. Туған жердің топырағы мен нұрынан нәр алып, аядай елді әлемге танытып жүрген жандар аз емес бүгінде. Мырзашөлдің сондай марқасқа ұлдарының бірі, ақын-сазгер Мұхтар Құралов 75 жасқа толып отыр. Елдің алақанында жүріп, тамаша туындыларын тарту ...
Read More »