Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛМАЙ, ЕЛДІҢ ДАМУЫ МҮМКІН ЕМЕС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛМАЙ, ЕЛДІҢ ДАМУЫ МҮМКІН ЕМЕС

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛМАЙ, ЕЛДІҢ ДАМУЫ МҮМКІН ЕМЕС

           Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен кү­рес мәселелері кез келген мемлекет үшін өзекті пробле­малар­дың бірі. Барлық елдерде оның транс­ұлттық сипаты танылып, оғ­­ан қарсы экономикалық, құ­қық­тық және басқа да шаралар қолда­ны­луда. Тәу­елсіздік алған мезеттен бастап бізде де, бұл аса ауыр қылмысқа қа­тысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мем­лекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура­лы» арнайы заңды қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заң­наманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенция­ла­рын және басқа да жалпы жұрт та­ны­ған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы бүкіләлемдік қо­ғам­дастықтың тең мүшесіне айналды.   
         Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қа­зақстанның көрсеткіштері жыл сайын жақсарып келеді. Бұл про­блемамен жан-жақты айна­лы­сып жүрген беделді халық­ара­лық ұйым – Transparency International қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлық­ты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2022 жылғы 25 қаңтарда жарияланған мәлімет бойынша 180 орынның 102-ші орнына жайғасқан. Бұл индекс кә­сіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәлімет­те­­рін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.
        Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
        Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде «Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады.Батпандап кіретін, мысқылдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам болып күресіміз керек.  Әйтпесе, кеш болып қалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен алып мемлекеттер, ірі мемлекеттер құлағанын бәріміз білеміз, куә болдық» деп, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып күресуге шақырды.
         Жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлық деп аталатын дертті емдеу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет! Біргелікті жұмылып, қоғам болып кіріссек сыбайлас-жемқорлық жойылып, еліміз одан сайын көркейіп, өркендейді деп сенемін!
О.ПЕРДЕ,
Мақтаарал ауданының статистика басқармасының
жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...