Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АҒАМЫЗДЫ МАҚТААРАЛ МЕКЕНІ МАҚТАНЫШ ЕТЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АҒАМЫЗДЫ МАҚТААРАЛ МЕКЕНІ МАҚТАНЫШ ЕТЕДІ

АҒАМЫЗДЫ МАҚТААРАЛ МЕКЕНІ МАҚТАНЫШ ЕТЕДІ

      Қазіргі таңда  Атакент кенті «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қилыбай Монанұлы Ирсаев   аға – ұстаз, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, жоғары категориялы психолог — емші, Халықаралық психология Академиясының академигі. Оны Мақтаарал мекені мақтаныш етеді.
       Ағаның бүкіл өмірін қазбалап жатуды  жөн көрмей, тақырыпта келтіргеніміздей, ұшқырлы келбетіне талдау жасап, зерделі оқырманы мен ол жазған кітаптардың, еңбектердің мазмұнымен аз-кем бөліссек деген  мақсатта осы мақаланы жариялап отырмыз.
       «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай бабамыз айтқандай, мектеп қабырғасында қырық жылға жуық ұстаздық еткен, бүгінде зейнеткер. Талай жыл «Мәдениет» орта мектебіне басшылық жасады. Абыройлы болды. Ұлағатты ұстазды сан жылдық тәжрибесі, жұмыс жүргізу үрдісі, басшылық қабілеті, шынайы азаматтығы биіктерге алып шықты. 2005 жылы оған «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» марапаты табысталды. 2008 жылы «Аймақ» баспасынан мектеп басшылығына оқу, білім саласындағы мұғалімдер мен оқушыларға арналған көмек құралы «Мектепшілік бақылау және басшылық» атты педагогикалық еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің көтерген жүгі жеңіл емес.
       Ағамыздың екінші бір қыры – оның қаламы қарымды журналист екендігін айту керек. Қызығы мен шыжығы мол, аса жауапкершілікті талап ететін журналистикада, қаламгерлікте өзіндік таңбасы бар ағамыз бірнеше ізденіс еңбектердің, кітаптардың авторы. 2003 жылы «Ұстаз — емші», 2006 жылы «Аялы алақан», 2007 жылы «Ұрпаққа өсиет», 2008 жылы «Мектепшілік бақылау және басшылық» кітаптарын жазды.
      Тәрбиесі мен тағлымы мол еңбектерін оқып сүйсінесіз. Ізденімпаздық таныта білген қаламгерге алғыс айтасыз, еріксіз мойындайсыз. Білімі мен білігіне, тәжрибесіне тәнті боласыз. Қилыбай ағаның тағы бір кітабы Шымкент қаласындағы «Асқаралы» баспаханасынан жарық көрді. Кітап «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» мен «За что и как ставить оценки» деп аталады. 1994 жылы Мекке – Мәдинеде қажылық сапарда болды. Жаратқанның нұры, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) шапағатына бөленген Қилыбай аға  акбар қажы атанды. 2007 жылы «Ұрпаққа өсиет» атты діни- тағлымдық еңбек жазды. Бұл дүйім мұсылман қауымына  қажетті мол еңбек болып табылады. Осы кітапты оқып жан-жақты ізденіс иесі болу, сан қырлы шығармашылықпен айналасу, зерттеу жүргізу «Инемен құдық қазғандай» деген осы болса керек деген ойға келесіз. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» -деген хакім Абай ұлағатына біз де қосыламыз. Қилыбай аға емші, жазушы – журналист қана емес, жан-жақты ғалым – ұстаз, зиялы азамат, ақжарқын академик.
       Біздің мақсат – Мақтаарал мекенінде осындай мақтаныштарымыздың бар екеніне марқаю еді. «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол» — деп ақылмен Абай айтпақшы ағамыздың алар асуы әлі алда деп білеміз.
Рая  БАБАШОВА,
Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейінің экскурсия жүргізушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...