Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АҚЖОЛТАЙ АҒЫБАЙ БАТЫРДЫҢ 220 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АҚЖОЛТАЙ АҒЫБАЙ БАТЫРДЫҢ 220 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АҚЖОЛТАЙ АҒЫБАЙ БАТЫРДЫҢ 220 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

          Күні кеше академик Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 15 қараша – Батырлар күніне орай жарияланған «Батырлар мұрасы» онкүндігі аясында биылғы жылы мерейтойы аталып өтіп жатқан Ақжолтай Ағыбай батырдың 220 жылдық  мерейтойына орай «Ағыбай батыр – ел қорғаны» атты дөңгелек үстел өтті.
       Бұл шарада Ағыбай батырдың өмірі мен ел қорғаудағы еңбегі сөз болды. Айта кету керек, батыр өз заманында ел қорғауда үлкен қажыр – қайратымен танылып, отарлық езгіге қарсы күресіп, үш жүздің басын біріктірген қазақтың соңғы ханы  Кенесары Қасымұлының сенімді серіктерінің бірі болған. Ел арасында ұрыста, жорық — жортуылда үнемі жолы болатындықтан «Ақжолтай батыр» атанған. Сонымен қатар ол есімі ұранға айналған дарынды қолбасшы.
        Қазақ жерін отарлық езгіден қорғауды алдына мақсат еткен батыр Қарқаралы аймағында патшалықтың отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласып, 1826-1846 жылдар аралығында отаршылдардың әскеріне бірнеше рет күйрете соққы берді. Ал, Кенесары Қасымұлы өмірден өткен соң қазақтың азаттығы жолында күресін тоқтатпай, Сыздық төре қолының құрамында әскери қимылдарды жүргізді.
         Жиналғандарға батырдың осынау ел алдындағы еңбегі жайлы университеттің тарих кафедрасының оқытушысы Н.Ошан, студенттер Б.Сахабай, Ш.Тұрғын, А.Ғалым, Ж.Бауыржан, М.Дүкенбай, А.Тұрарбек, Ж.Жанатбек, А.Әуелхан, Д.Жексенбай, Ә.Мұрат және шараға арнайы қатысқан қонақтар Қарағанды университетінің тарих факультетінің деканы  Ж.Жұмабек, Ағыбай батырдың ұрпағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б.С.Исмак айтып берді.
        «Батырлар мұрасы» онкүндігі шарасы аясында жоспарланған келесі шара 24 қараша күні Қарағанды политехникалық колледжінде өтеді. Бұл жолы өтетін ғылыми-танымдық конференция қазақтың «Батырлар институтының» көрнекті өкілдері – қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Есет батыр Көкіұлының  355 жылдығына, Ағыбай батырдың 220 жылдығына, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылып отыр.
       Айта кету керек, ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі шеңберінде қолға алынған онкүндікті ұйымдастыруға мұрындық болған қаламыздағы «Qazaq club» мүшелері өткен жылы 15 қараша — Батырлар күніне орай қазақтың әскери мұрасын насихаттайтын «Жауынгерлік Даңқ лентасының тұсаукесерін өткізген болатын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...