Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

        Біздің кітапханамызда осы аптада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында, ұлтымыздың ұстазы, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемдерінің бірі, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты тұлға тану шарасы болып өтті.
       Бұл рухани шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларына Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, оның кітаптары мен ғылыми еңбектері туралы жан-жақты мағлұмат беру. Ақын өмірін жас буынға үлгі ете отырып, олардың өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу,  оқырмандардың танымдық деңгейін дамыту және бүгінгі іс-шарамызда оларға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолын таныстыру болды.
       Мәдени іс-шара барысында оқырмандарымызға А.Байтұрсынұлының шығармашылығы мен оның саяси өміріне арналған кітап көрмесі көрсетілді. Сол көрмеден кітапханамыздың тұрақты оқырмандары 8 сынып оқушылары – Ақерке Құрбан, Манас Мейрхан, Азамат Тәжібай, Рамазан Тәңірқұл, Меруерт Қайып А.Байтұрсынұлының өлеңдері мен тұлғаның кітаптарымен танысты. Сонымен қатар, жас оқырмандарымыз ағартушының қалың қазақ бұқарасының мұң-мұқтажын көздеген ойларға толы мақалалармен де танысып, оның намысты қайрайтын өлеңдерің оқыды.
       Қорыта айтсақ, шара барысында мектеп оқушыларына А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала беретіні түсіндірілді.
Д.БИЛИМБЕТОВА,
Жамбыл а/о, Кеңесшіл ауылдық филиал № 13  кітапханасының меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...