Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«АЛМАТЫДАҒЫ АЛТЫН КҮЗ ҚАЗАҚКОНЦЕРТПЕН БІРГЕ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «АЛМАТЫДАҒЫ АЛТЫН КҮЗ ҚАЗАҚКОНЦЕРТПЕН БІРГЕ»

«АЛМАТЫДАҒЫ АЛТЫН КҮЗ ҚАЗАҚКОНЦЕРТПЕН БІРГЕ»

        Биыл тұңғыш рет «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі өтеді. Аталмыш жоба КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығы аясында жоспарланып отыр.
        Роза Бағланова ұзақ жылдар бойы Алматыда еңбек еткен. «Қазақтың бұлбұлына» қанат бітіріп, музыка өнерінің биігіне шарықтауына шабыт берген Алматы қаласы десек, артық болмас. Сондықтан «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы Роза Тәжібайқызы ерекше жақсы көрген Алматы қаласындағы бірқатар мәдениет ұйымдарында ауқымды мерекелік шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
           Фестиваль шымылдығы 25 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Біздің жәрмеңке» атты дәстүрлі музыка концертімен ашылады. Концертке Ұлттық өнер орталығы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының солистері мен ұжымдары, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамы қатысады.
27 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Классикалық музыка жауһарлары» атты классикалық музыка концерті өтеді. Концертте ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі «Forte Trio», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Желтыргузов, Бибігүл Жанұзақ, Медет Чотабаев, Салтанат Ахметова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айгерім Алтынбек өнер көрсетеді.
Өнер фестивалі 6 қазанда Әлім Бейсембаевтың Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірлескен концертімен жалғасады. Оркестрге Қанат Омаров дирижерлік етеді. Әлім Бейсембаев — Англияның Лидс қаласында өткен ХХ фортепианошылар байқауының жеңімпазы, «Уотерман» алтын медалінің иегері.
           20 қазанда Almaty Theatre-да белгілі эстрада әртістерінің қатысуымен «Алматым жүрегімде» гала-концерті өтеді. Шарада алматылықтар үшін халықтың сүйіктілеріне айналған «Қазақконцерттің» солистері Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанна Орынбасарова, Құрмаш Махан, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Рухия Байдүкенова, Райым Уайыс, Алибек Әлмадиев, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдухалық, Гүлсім Мырзабекова, Ербол Нариманұлы, сондай-ақ «Азия» және «Меломен» топтары өнер көрсетеді.
Фестиваль аясында еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш әрі жалғыз мемлекеттік мюзикл театры «Astana Musical» алғаш рет алматылық көрермендеріне барлық қойылымдарын сахналамақ. 25 қазан күні «Нұрсұлтан Назарбаев қорының» концерт залында «Сиқырлы сазды хор-концерт» концерт-спектаклі, 26 қазан күні «№13» комедиясы қойылады.
        27 қазанда Almaty Theatre-да алматылық көрермендер «Достар серті» мюзиклін тамашалап, 70-жылдардағы консерваторияның шығармашылық әлеміне саяхат жасайды. 28 қазанда «Нұрсұлтан Назарбаев қорының» концерт залында ұрпақтар арасындағы қарама-қайшылық, өскелең ұрпақтың мәселелері, оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы сияқты өзекті тақырыптарды қозғайтын «ЕНТ тапсырмаймын» драмасын тамашалай алады.
        Сонымен қатар, КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына орай 29 қазан күні Almaty Theatre-да «Astana Musical» мемлекеттік театры осы жылдың басты премьерасы — «Роза Бағланова» мюзиклін сахналайтын болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...