Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АҒА БУЫН МЕН ЖАСТАРДЫ БАУЛЫҒАН «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АҒА БУЫН МЕН ЖАСТАРДЫ БАУЛЫҒАН «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АҒА БУЫН МЕН ЖАСТАРДЫ БАУЛЫҒАН «ЖАСЫЛ ЧЕЛЛЕНДЖ» ШАРАСЫ

       2022 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында Қазақстанның экологиялық қоры ағаш  отырғызу бойынша «Green challenge» республикалық шарасын ұйымдастырды.
       Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған экошара эстафетасы Маңғыстау облысына беріліп, облыстың Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы №1, №6 және №11 жалпы білім беру мектептерінің аумағында ағаштар отырғызылды.
         Игі істе ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген бұл челленджге Қарақия ауданының әкімшілігі мен білім басқармасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, экологтар, мектеп ұжымдары, ардагер ұстаздар, мектеп оқушылары мен жастар және т.б. табиғат жанашырлары қатысты.
        Эколог ғалымдардың айтуынша, бір ағаш жылына 100 кубометр, яғни 120 келі оттек шығарады, ал мұндай көлемдегі оттегі шағын отбасыға бір жылға жетеді. Челлендж қатысушыларының аймақ экологиясының жақсаруына қосқан үлесін енді санай беріңіз. Әсіресе Маңғыстау өңірінің белсенді мұнай өндіруші аймақ екенін ескерсек, бұл шараның өзектілігі айтпаса да түсінікті.
       Осындай шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған Қазақстанның экологиялық қоры еліміздің жасөсіпірімдері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып дамытып, табиғат жанашырларының қатарын көбейтуді мақсат тұтады.
      Белгілі қоғам қайраткерлерінің, экологтардың, мектеп түлектерінің атынан отырғызған осындай шара келешек ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастырады. Сонымен қатар осындай саябақтар балалардың демалуына, табиғатты аялауға  тәрбиелейді. Ал бұның барлығы сайып келгенде жастарды табиғатқа жанашыр болуға және экологиялық сананы  қалыптастыруға септігін тигізеді.
       Айта кетейік, ағаш отырғызу «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтті.
       Барлық сұрақтарыңыз бойынша төменде көрсетілген номерлерге хабараласа аласыздар:
Жоба офисінің мекенжайы:
 Астана қаласы, Е көшесі, 3 үй, «Меркурий-2» ТК, +7 7172 57 43 68,
Жауапты тұлға:
Тел: +7 7013988564 – Қамария Рамазанқызы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...

САНДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОҚУ АНАЛИТИКАСЫ: МЕКТЕП БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

        ...

ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

       Қазіргі ...