Home » PRESS RELEASE » News » ЛОУЭЛЛ ЛИБЕРМАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ

ЛОУЭЛЛ ЛИБЕРМАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ

Өтетін күні мен уақыты: 7 қазан, 19:00
Өтетін жері: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)
     Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында өтетін Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Лоуэлл Либерманның музыкалық кеші» атты концертіне шақырамыз.
      Музыкалық кешке америкалық пианист, АҚШ мемлекетінің ең сұранысқа ие заманауи композиторларының бірі Лоуэлл Либерман мен әлемге әйгілі скрипкашы, ҚР Халық әртісі, көрнекті қоғам қайраткері Айман Мұсахаджаева қатысады. Оркестрге атақты скрипкашы, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы және лауреаты Тигран Шиганян (Өзбекстан) дирижерлік етеді.
       Лоуэлл Либерман – америкалық пианист және композитор. Ол музыка жанры бойынша 140-қа жуық шығарма жазды. Оның флейта және фортепианоға арналған сонаталары классикалық музыканың ең жиі орындалатын заманауи туындыларының бірі болып табылады. Л.Либерман флейташы Джеймс Голуэймен ұзақ уақыт бойы шығармашылық ынтымақтастықта және оның флейта, арфа, флейта-пикколо және флейта оркестрі концерттеріне арнайы туындыларын жазған. Пианист екі операның авторы: Джулиард мектебінің жүз жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар тапсырысына орай Монте-Карло операсы бойынша «Дориан Грейдің суреті» және «Жоқтаушылардың досы». Оның «Франкенштейн» толықметражды балеті Лондон Корольдік және Сан-Франциско балетінің тапсырысымен орындалды.
        Айман Мұсахаджаева – көрнекті скрипкашы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры. 1991 жылы оның бастамасымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі құрылды. Айман Мұсахаджаеваның есімі «XX ғасырдың 2000 көрнекті музыканты» атты IBC-тің әлемдік құрметті адамдар тізіміне және Кембридж университетінің «XX ғасырдың көрнекті музыканттары» энциклопедиялық сөздігіне (2002) енгізілген. Айман Қожабекқызы Миша Майский, Бруно Канино, Виктор Третьяков, Эдуард Грах, Павел Гилилов, Владимир Спиваков, Сергей Ралдугин, Кристиан Шульц, Гудни Эмильсон және т.б. сияқты танымал музыканттармен жұмыс жасайды.
Тигран Шиганян – Америкада, Еуропада және Азияда гастрольдік сапарларымен танымал болған белгілі дирижер, скрипкашы, оқытушы және продюсер. Ол көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы және лауреаты. Т.Шиганян ұлы америкалық композиторлардың, соның ішінде Леонард Бернстайнның, Джон Адамстың және Джон Уильямс музыкаларының Орталық Азиядағы және Өзбекстандағы көптеген премьераларына дирижерлік етті.
        Концерт бағдарламасында:
1. Л.Либерман – Ішекті аспаптар оркестрімен скрипка және фортепианоға арналған камералық концерт, №1, Ор. 28, (1989/2022)
2. Л.Либерман – Скрипка мен ішекті аспаптарға арналған камералық оркестр концерті, №2, Ор. 98, (2006/2022)
3. Л.Либерман – Скрипка мен оркестрге арналған концерт, Ор. 74 (2001)
      Ұмытылмас әсерге бөлейтін классикалық музыканың таңғажайып кешінен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!
М.ОРЫНБЕТОВА,
эл.адрес: infoqazaqconcert@gmail.com ; т.: + 7 702 126 2209
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»
мемлекеттік концерттік ұйымының
баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...