Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АТА ЗАҢЫМ АЙБЫНЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АТА ЗАҢЫМ АЙБЫНЫМ

АТА ЗАҢЫМ АЙБЫНЫМ

       Жуырда біздің кітапханамыздың оқу залында жас оқырмандарымызға Конституциямыздың маңызын түсіндіруге арналған «Ата Заңым айбыным» атты дөңгелек үстел болып өтті.
       Бұл шараның көзделген мақсаты – жас буын өкілдерін еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету, оларға Конституциямызда айтылған адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, саяси саналықтары мен таным-белсенділіктерін арттыру, заңдарды талдай отырып, оларды өз  беттерімен салыстыра білуге және қажеттілік туындағанда күнделікті өмірде қолдана білуге баулу болды.  Сонымен бірге, олардың бойларында адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру де басты назарда ұсталды.
         Осы іс-шараның бірінші бөлімінде мен оқушыларға «Ата Заңымыз айдынымыз, әскеріміз – айбынымыз» тақырыбында баяндама оқып бердім, ал екінші бөлімде дөңгелек үстелге жиналғандар Конституциямыздың баптары мен ондағы толықтыруларды талқылап өтті. Қорытынды бөлімде осы маңызды шараға атсалысып қатысқан жастарға өз алғысымды білдірдім. Осылайша дөңгелек үстел қызықты болып өтті.
        Алдағы уақыттарда да жас буынның бойында отансүйгіштікті қалыптастыру, оларды ел заңдарын құрметтеуге үйретуші осындай басқа да іс-шараларды жиі өткізіп отыратын боламыз.
Бибігүл РЫСПАНОВА,
Қ.Пернебаев ауылдық филиал №8 кітапханасының кітапханашысы.
Бірлік ауылдық округі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...