Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙДА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖЕТІСАЙДА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

          Жетісайдағы «Күлпаршын» орталық базары өрт қалдықтарынан тазартылып, жекеменшік базардың құрылыс жұмыстары басталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев танысып, кәсіпкерлермен кездесті. Базар аумағын аралап, базар басшылығына сауда нүктелерін кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, өрт қауіпсіздігі толықтай сақталатындай етіп салынуды басты назарда ұстау керектігін жеткізді. Қазіргі таңда жаңа базар құрылысына 15 арнаулы техника жұмылдырылған.
          Құрылыс жұмыстарымен «TAYMAS» ЖШС мен «Нұр-Л» ЖШС компаниялары айналысуда. Негізінен өрт талаптарын сақтау мақсатында «МПК ПРОЕКТ» ЖШС компаниясы су жүйелері мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары орталық базардан бөлек зардап шеккен 29 жеке кәсіпкердің өртке оранған дүңгіршектері мен дүкендерінің жағдайымен танысып, арыз-шағымдарын қарайтындығын жеткізді. Базар басшылығы мен тиісті мекеме басшыларының қатысуында арнайы жиын өткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
           Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтің төрағалығымен облыстық басқармалар мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары мен АҚ «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы» өкілдері, екінші деңгейлі банктердің (Жусан банк,Нұр банк, Каспи банк, Халық банк) аудандық бөлімше басшылары мен «Ырыс» МКҰ ЖШС басқарма басшыларының қатысуында жиын өтті. Күн тәртібінде өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несие мерзімдерін уақытша тоқтата тұру және төмен пайызда көмек ретінде несие беру мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
        Атап айтқанда, Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Түркістан» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс»МКҰ ЖШС басқармасына заң талаптарына сай «Күлпаршын» базарының зардап шеккен кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, несие беру жолдарын қарастыруды, сондай-ақ «Ырыс» МҚҰ тарапынан берілетін жеңілдетілген несие лимитін толықтыру жұмыстарын жүргізуді туралы нақты тапсырма берді.
        Айта кетейік, өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...