Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТЕНГЕН БАЗАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТЕНГЕН БАЗАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙДАҒЫ ӨРТЕНГЕН БАЗАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

        Жетісайдағы «Күлпаршын» орталық базарынан 580 жүк көлігімен 3150 тонна қоқыс шығарылды. Жекеменшік базар өрт қалдықтарынан тазартылды. Базарды қалпына келтіру жұмыстары екі ауысымда, тәулік бойы жүргізілді.
        Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға Жетісай базарының бүгінгі жағдайы баяндалды. Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді. Аталған оқыс оқиға қайталанбауы үшін аудан, қалалардағы барлық базарлардың талапқа сай жұмыс істеуін қадағалап, қауіпсіздік шараларын тексеруді тапсырды.
        Өртенген базардың жаңа жобасы жасалды. Сауда нүктелері қолайлы әрі қауіпсіз етіп салынады. Оны тездетіп іске қосу үшін нысан аумағы 6 секторға бөлініп, әр секторда Жетісайға жақын орналасқан Мақтаарал, Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Қазығұрт аудандарының құрылысшылары жұмыс істейді. Базардың инфрақұрылымы жақсарып, жолы жөнделеді
      – Халықтың мүддесін қорғау – бірінші мәселе. Сондықтан өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетуді тездету керек. Жеңілдетілген несие беруді шешіп, банкке қарызы барларды қолдау қажет. Қарызды қайтару мерзімін шегеру бойынша жұмыс күшейтілсін, – деді Дархан Сатыбалды.
         Өртенген нысан жанындағы жұмысы тоқтаған базарды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлер қалауы бойынша сонда көшіріледі.
        Базарға өрт қауіпсіздігі бойынша мамыр айында тексеру жүргізіліп, бірнеше кемшілік анықталып, ескерту жасалған. Өрт қауіпсіздігіне байланысты талаптар сақталмаған. Оқыс оқиғаға байланысты полиция тарапынан тергеу жүріп жатыр. Өрт-техникалық сараптама, сот құрылыс сараптамасы жүргізілді. Шұғыл тергеу тобы құрылған.
       Өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...