Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

        «Спорт – біздің серігіміз». Осындай ұранмен Жетісай қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың дартс таяқшаларын лақтыру дойбы, қол күресі сынды түрлерінен аудандық спартакиада болып өтті.
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға Жетісай ауданының «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдаурен» күндіз болу орталығының, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жетісай аудандық бөлімі, сондай-ақ, Жетісай қаласы мен ауылдық округтерде есепте тұратын ересек мен жасөспірімдер қатысты.
        Өздерін қоғамға жат сезінбеулері үшін мүмкіндігі шектеулі жандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарында спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарыстың қорытындысы бойынша спорттың дартс таяқшаларын лақтыру түрі бойынша ІІІ орын Оралбек Қабыланға бұйырса, ІІ орынды Сәкен Бекмурзаев, І орынды Мұхан Айтмурзаев иеленді.
          Ал, дойбы ойнаудан Гүлназ Тілес ІІІ орынға, Ғалымжан Шинтуреев ІІ орынға, Перизат Әбдірашова І орынға ие болса, қол күресінен Бекжан Усманов ІІІ орынды, Ғалымжан Шинтуреев ІІ орынды, Ерлан Битемиров І орынды қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, «Балдәурен» күндіз болу орталығынан Абзал Демеу мен Елдар Смадияр, Оралбек Қабландар жасөспірімдер арасынанда қол күресінен қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
        Жарыс соңында спорттың әр түрінен жүлдегер атанған жеңімпаздар мен үздік қатысушылар Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дайындалған дипломдарымен, медаль және заттай бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...