Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

       Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамның негізгі қолбайлау болып отырған өзекті мәселелерінің бірі. Онымен күресті жас буыннан, өскелең ұрпақтан бастаған тиімді болмақ.
        Аудан жастары арасында жемқорлықтың зардабтары мен салдарын ұғындырып, кеңінен түсіндірме жүргізу мақсатында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мәжіліс залында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында алқалы жиын болып өтті.
        Жиынға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ ТО филиалы төрағасының орынбасары, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Алладин Мырзаханов пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Айбек Сұлтанмұрат, Жетісай қаласының әкімінің орынбасары Ербол Сауірбаев пен «Жетісай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев пен ауданның белсенді жастары қатысты.
         Еркін форматта өткен басқосу барысында мамандар қызмет бабында кездесетін тұрмыстық жемқорлықтардың алдын алу екенін айтқан жобалық кеңсе жетекшісі ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы», мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын іс-қимыл болып табылатынын, мемлекет басшысының еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі етіп белгілегенін айтып, түсіндірді.
        «Біз қауіпсіз қоғам, жемқорлықсыз орта қалыптастыруымыз үшін бірінші кезекте осыларға қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Отбасымыздан, жұмыс орнымыздан бастауымыз керек. Үйде отбасы мүшелерімізге, мекемеде қызметтестерімізге сыбайлас жемқорлықтардың түрлері мен зардаптары, шығу себептері жайында үнемі айтып отыратын болсақ, оларға ненің пайдалы, ненің зиян екенін жіті түсіндірсек қана жұмысымыз жемісті болады. Жемқорлықтың үлкен, кішісі болмайды. Бүгін біз көзге ілмеген кішкентай дүниенің салдары болашақта өте ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, жемқорлықпен күрес – баршамыз бірігіп жүзеге асыратын жұмыс» деді «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Сағынбекұлы.
         Қоғамдағы тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік мекемелердің жұмыс жүргізулеріне қолайлы жағдайларды қалыптастыра отырып ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру мәселелері бойынша алдағы атқарылар жұмыстардың барысы нақтыланып, ашық пікірлер айтылды. Ұсыныстар тыңдалды. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
         «Біз, жастар – еліміздің болашағы, ата-анамыздың үмітіміз. Тәуелсіз Отанымызды әлемдік ареналарда мойындатуға, беделін сақтап қалуға тиісті тұлғалармыз. Сондықтан, бүгінгі қоғамды жегі құрттай жеп отырған дерт – сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуіміз, жарқын болашағымызды бірге қалыптастыруымыз керек» деген «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ ТО филиалы төрағасының орынбасары Алладин Мырзаханов белсене қатысқан жастарға өз алғысын білдірді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...