Home » Қоғам » ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

       Мен … жыл  бойы мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп келемін.  Осы жылдарда баспасөзбен тығыз байланыста болып, түрлі тақырыпта мақала жазып келемін. Ой-толғаныстан туған өлеңдерім де БАҚ-та жиі жарияланып тұрады.
       28 маусым – БАҚ қызметкерлері күні менің де жаныма жақын мейрам. Баспасөз жаңалықтың жаршысы ғана емес, ұлттың тәрбиешісі болуы тиіс. Адамзатты жамандықтан құтқаратын бірден-бір жол – рухани азық. Сондықтан әрбір саналы азаматтың қолынан газет-журнал түспеуі керек  деп ойлаймын. Әрбір отбасында  ұл-қыздарымыз бен немере-шөберелерімізді газет-журнал, кітап оқуға тәрбиелеуіміз керек. Ұйқысынан ояна сала соткаға үңілетін  ұрпағымыздың денсаулығын ойлайық, оларды ертеден кешке дейін  әлеуметтік желіге телміруден сақтайық!
        Еліміздің  барша журналистер қауымын осынау төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
*   *  *
         28 маусым – журналистер мерекесі. Осы мейраммен барша қаламгерлерді  кәсіби мейрам – БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.
         Еліміздің идеология майданының алғы шебінде аянбай еңбек етіп келе жатқан журналистер, әрдайым оқиғалар мен жаңалықтардың ортасында жүріп, оқырманға жедел әрі маңызды ақпараттарды дер кезінде жеткізеді.
         Сіздер жылдың қай мезілі болмасын немесе күн не түн демей маңызды оқиғаларды бізге жеткізуге асығасыздар. Біз Сіздердің қоғамдық пікір қалыптастырудағы  еркін, батыл, жедел іс-әрекеттеріңізді жоғары бағалаймыз. Баспасөз – қоғам тірегі, рухани ләззатқа бөленудің өзі бақыт деп білемін.
        Журналистика саласының майталмандарына мықты денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби салада мол шығармашылық табыстар тілеймін.
*  *   *
       Баспасөз бұл кез-келген қоғамды алға қозғаушы ерекше күш. Журналистер елімізде  болып жатқан жақсылық атаулыны жарқырата көрсетіп, келеңсіздіктермен аяусыз күреседі.
         Мен де өзімнің жас кезімнен журналистік мамандықты таңдағаныма, өмірімнің ұзақ жылдарын … газетіне арнағаныма еш уақытта өкінбеймін. Журналист ретінде қалыптасып, рухани өсуіме осы саланың шапағаты тиді. Осы газеттің бас редакторы … ағамыздың  тәрбиесін алып, мектебінен өттім. Ол кісінің маған үлкен сенім артып, қолдап, ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар беруінің арқасында қатардағы тілшіліктен журналистика саласының хас маманына дейін көтерілдім.
        Қазір зейнет демалысында, немерелерімді аялап, отбасының амандығын тілеп үйде отырмын. Қолым қалт еткенде аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарды  оқимын. Кейінгі буын  жас журналистердің экономика, әлеуметтік, рухани салалардан жазған тұщымды мақалаларын оқыған сайын қуанамын.
        Біздің ізбасар іні, сіңлілерімнің барына шүкіршілік етемін. Олар интернет желісін жақсы игерген, ақпаратты тез, жылдам жеткізеді. Сараптамалық, шолу мақалаларын да жақсы жазады. Бұл – журналист үшін ең қажетті қасиет.
          Барша қаламгер бауырларыма зор денсаулық, шаңырақтарына амандық, құт-береке тілеймін.
*   *   *
         Бұқаралық ақпарат құралдарының құрметті де қадірлі  қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңіз 28 маусым – баспасөз, телевизия, және радио күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
        Журналистика саласы – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті талап ететін жауапты кәсіп. Сіздер – бүтін бір мемлекет пен жекелеген адамдардың тағдыры, қоғамның рухани жағдайы туралы қалам тербейсіздер. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салихалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөздерін жеткізіп отырады және де атқарушы билік органдарының қызметі туралы халыққа жедел және дәлелді ақпараттарды жеткізіп келесіздер.
           Сіздерге алдағы уақытта да осы прогресшіл қалыптарыңыздан ауытқымай, әрдайым оқырмандарыңыздың ыстық ықыласына бөленіп жүре берулеріңізге тілектеспіз.
        Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға ашық аспан мен амандық тілейміз. Шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
*   *  *
        Қоғамдағы мақызды салалардың бірі – ақпарат айдынында бірге иықтаса, қатар аянбай тер төгіп жүрген әріптестерімізді – бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ешқашан да біздің басты қаруымыз – қаламымыздан қасиет кетпесін!
          Қадірлі әріптестер – ұшқан құс шабытымыздың шыңына жетпесін, аңдыған жауларымыз ісімізге кедергі келтіре алмасын! Барлық уақытта да Тәуелсіздігімізді ту етіп, толағай табыстарға жете берейік!
*  *  *
       Құрметті журналистер қауымы!

Сіздерді  төл мерекелеріңіз  – 28 маусым күнімен шын жүректен  құттықаймыз!

Барлық уақытта да  жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге таусылмас шабыт пен мол шығармашылық табыс тілейміз! Әрқашанда тек биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...