Home » Жаңалықтар » ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАСТЫРАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАСТЫРАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес.Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа мемлекеттік қызметшінің жеке мінез-құлығы мен тәжірибе мәселесі бар.

Ұрпақтар сабақтастығы – тәжірибе мен біліктілігі мол алдыңғы буын мен жұмысқа ынта, жігері мол жаңа толқын арасындағы байланыс.
Тәжірибе мен біліктілікті арттыру үшін арнайы Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан тұлғалармен аонайы жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметкерлер арасында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов пен ардагер мемлекеттік қызметкерлер Тайпақ Мықтыбек, Пердеш Есенбеков, Аманбай Жұмабеков, қала,кент, ауылдық округтерде қызмет атқарар жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметте жүрген жас мамандар мен ардагер мемлекеттік қызметшілер арасында қарым-қатынас орнату арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін көтеру.

«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұйымдастырылған кездесу барысында ардагерлер жас мемлекеттік қызметшілерге өз мамандығын сүйіп, келешекте абыройлы еңбек ету білімді, жан-жақты болып, өз ісіне жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік сала ардагерлері жастармен өз уақытында қалай жұмыс істегенін, қандай қиыншылықтардың болғанын, оларды қалай шешкендігі туралы естеліктерімен бөлісті.

«Жалпы осы саланы сүйе біліп, шынайы соған беріле қызмет жасауға тырысу керек. Мемлекеттік қызметші болу – халық үшін аянбай қызмет ету дегенмен тең. Отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре отырып, табанды еңбек пен өз ісінің маманы болу болашақта қызметтік өсуге, биікке шығуға өз септігін тигізеді. Кезінде өзім жұмысқа қабылдап, тәрбиелеген жастар бүгінде аппарат басшысы, ауылдық округ әкімі, бөлім басшысы болып отыр. Мен үшін бұл үлкен қуаныш. Ұстаздан шәкірт озар деген осы шығар. Тек қана қажымай, талмай оқып, іздену арқылы жетістікке жетуге болады. Менің жастарға айтарым осы» деді Пердеш Есенбеков.

Ардагер мемлекеттік қызметшілер жас буынға өз ақыл, кеңестерімен бөлісті. Мемлекеттік қызметшінің қоғам айнасы екендігін айта өтіп, мемлекеттік қызметті тұтынушы халық үшін аянбай қызмет жасау керектігін кеңінен түсіндіріп өтті.

Мемлекеттік қызмет ардагерлері ізбасарларының ел мүддесі үшін зор үлес қосып, халық сенімінен шығатынына сенім білдірді. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол тұлғалардың өмір жолы жігерлі жас мамандарға үлкен әсерін тигізді.

Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, көкейде жүрген сұрақтарға жауаптар берілді.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Әшірханұлы мемлекеттік қызмет ардагерлеріне өз рищалығын білдіріп, алдағы уақытта ардагер мемлекеттік қызметшілердің қатысуында дөңгелек үстел міндетті түрде жалғасын табатындығын атап өтті.

Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...