Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
РЕФЕРЕНДУМ — ХАЛЫҚ БИЛІГІНІҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » РЕФЕРЕНДУМ — ХАЛЫҚ БИЛІГІНІҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ!

РЕФЕРЕНДУМ — ХАЛЫҚ БИЛІГІНІҢ АЙҚЫН ҮЛГІСІ!

       Кез-келген қоғамдағы өзгерістердің конституциялық негізі болмаса, ол өзгерістердің тиімді жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан ел Президенті Конституцияға енгізілетін түзетулерді халықтың дауыс беруіне шығару туралы шешім қабылдады.
         Парламенттің қос палатасы тепе-теңдік жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады. Шұғыл жағдайда шұғыл заң қабылданады. Яғни, Парламент өз Палаталарының бірлескен отырысында халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Үкімет енгізген заң жобасын дереу қарауға міндетті болады. Бұл ретте, Парламенттің қарауы кезеңінде Үкімет өзінің жауапкершілігімен заңды күші бар актіні қабылдай алады.
        Кешегі қаңтар оқиғалары ел басына күн туған алмағайып кезеңде мемлекеттік аппараттың жағдайға шұғыл бейімделіп, жылдам әрекет етуі керектігін көрсетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында айтты.
        Референдумға шығарылатын конституциялық реформа халықтың азаматтық, саяси, құқықтық сана-сезімінің көтерілуіне ықпал етеді.
         Сонымен қатар, облыстық мәслихаттардың депутаттарының 50 пайызын халық өзі тікелей сайлайтын болады. Алда аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттарының барлығын да халықтың өзі сайлайтын болады, бұл ретте өз сенімін ақтамаған депутатты халық кері қайтарып ала алады.
         Мәслихаттарға жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау кезінде көбірек дербестік беріледі, олардың рөлі күшейе түседі. Осыған байланысты Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімдері шығарған актілердің қолданылуын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою құқығы, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығы жойылады.
        Билік тармақтарының жұмыс тиімділігінің артқанын қалайтын болсақ, референдумға қатысып, дауыс берейік!
БАЙЫМБЕТОВ ҚАМБАРХАН БАТЫРХАНҰЛЫ,
Ақпараттық талдау орталығы маманы, Заңгер.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...