Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫДА «ВЕНА БАЛЫ» ФОРМАТЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » АЛМАТЫДА «ВЕНА БАЛЫ» ФОРМАТЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА «ВЕНА БАЛЫ» ФОРМАТЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ӨТТІ

          Бүгін Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті. «Zerde» мектебінің 15 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараға 400 оқушы қатысты.

          Мектептің негізін қалаушысы Гаухар Нұрованың айтуынша, жақында тағы бір қазақ тілді заманауи жаңа мектеп ашылады.
          «Zerde» мектебінің ашылуына тұңғыш баламыз әсер етті.  Оны Алматыдағы жекеменшік мектептердің біріне орналастырдық. Өкінішке қарай, кейін ол жабылып қалды.  Баламның сынып жетекшісі бізге жекеменшік мектеп ашуға кеңес берді. Ақылдаса келе, жолдасым екеуіміз идеяны жүзеге асыруды жөн көрдік. Бүгінде «Zerde» мектеп-гимназиясы еліміздің білім беру нарығында өз орны бар оқу орнына айналды. Жақында жаңа қазақ тілді жаңа мектеп ашуды жоспарлар отырмыз», – деді мектептің даму жөніндегі директоры.
          Биыл қыркүйек айында іске қосылатын «Zaman school» мектебі «Zerde» мектебінің дәстүрін жалғастыратын білім беру ұйымы болмақ. Мектеп директоры Күлжан Садуева мектеп ұлттық салт-дәстүрді сақтай отыра балаға заманауи талаптарға сай білім беретінін айтты.
          «Zaman school – 590 орынға шақталған жаңа форматтағы қазақ тілді мектеп. Қазақтың дәстүріне сай тәрбие беруді жоспарлар отырмыз. Заман талабына сай математика мен ағылшын тілі пәндері тереңдетіліп оқытылады. Орта және бастауыш мектептің бағдарламасында математика пәні сингапурлық әдіспен және ғылым сабақтары Кэмбридж университетінің жүйесі бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын IELTS, TOEFL және SAT халықаралық емтихандарына қарқынды түрде дайындаймыз. Мектептің архитектурасы ағылшын стилінде жасалған», – деді ол.
        Оның айтуынша, мектеп Іле Алатауының баурайында орналасқан және Алматы қаласындағы ең маңызды 10 жобаның қатарына енген.
        Академиялық білімі тереңдетілген мектепте робототехника, шахмат, қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар жүргізіледі. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау, қазақтың өнерін насихаттау мақсатында домбыра сабағы жүргізіледі, ұлттық спорт түрлері, ойындар ойнатылады.
Аяжан МАДИБЕКОВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...