Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН ЖӘНЕ БОЛАШАҚ IT-МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН ЖӘНЕ БОЛАШАҚ IT-МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН ЖӘНЕ БОЛАШАҚ IT-МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

        Жуырда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі М. Ахметжанов Алматыға келген жұмыс сапары кезінде М.Есболатов атындағы Алматы академиясына келіп, жеке құраммен және академия тыңдаушыларымен, курсанттармен кездесу өткізді.
       Кездесу барысында бірінші кезекте Академия бастығы полиция полковнигі А.Сайтбеков ішкі істер министрін оқу орының тарихымен таныстырып, бүгінгі оқу процесіндегі өзгерістерді баяндады.
        Ішкі істер министрі академияны аралау кезінде оқу процесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологияларға қызығушылық танытып, жеке құрам мен ғылыми қызметкерлердің алдында сөйлеген сөзінде оқу орнының жаңа форматтағы кадрларды оқыту мен тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
        «Қылмыстың алдын алуда оның жасалу себептеріне талдау жасаудың маңызы зор. Біз бұған Ішкі істер министрлігінің жүйесін толықтай цифрландыру және оңтайландыру арқылы қол жеткізетін боламыз» -деді министр.  Сондай-ақ ол бүгінгі күннің талабы – бюрократиядан арылу екеніне де тоқталды.
         Құқық қорғау органдарының ішінде ішкі істер органдары халықпен бетпе-бет жұмыс істейтін орган. Марат Мұратұлы биылғы қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін орындаудағы жауапкершілігі мен антқа адал болудың үлгісін көрсеткенін, оны Мемлекет басшысының да бағалағанын ерекше атап өтті.
       Ішкі істер органдары үшін білікті де білімді кадрлар даярлауда ведомстволық оқу орындарының атқаратын роліне тоқталған министр ведомстволық оқу орындары қызметкерлерінің еңбегін ынталандырудың маңыздылығына тоқталды. Ғылым мен тәжірибені ұштастыруда тәжірибелі оқытушы мамандарды оқытушылыққа тарту қажеттігін де айтты.
       «Біз бүгін жаңа мемлекет құруға жаңа міндеттермен кірістік. Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан құрудағы басты талабы – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Демек, Алматы академиясы осы талап үдесінен шығады деген сенімім мол»- деді М.Ахметжанов өз сөзінде.
       Ішкі істер министрі академияны аралау кезінде оқу процесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологияларға қызығушылық танытты және курсанттар мен тыңдаушылардың оқуы мен өмір сүруіне жасалған жайлы жағдаймен танысты және Халық қахарманы Ғазиз Байтасовты еске алып, Мақан Есболатовтың ескерткішінің алдына шырша отырғызды.
Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...