Home » Ауыл шаруашылығы » ЖУРНАЛИСТЕР МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЖУРНАЛИСТЕР МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

           Түркістан облысының БАҚ өкілдері пресс-турмен Мақтаарал ауданына келіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.
          Тілшілер қосыны ең алдымен Жамбыл ауылдық округі Кеңесшіл елдімекенінде орналасқан «Ережеп ата» шаруа қожалығының қырыққабат дақылын жинау жұмыстарының куәсі болды. Шаруа қожалық 5 гектар жерге қырыққабат дақылын еккен. Оның 2,5 гектарына «пекинка», 2,5 гектарына «магнус» сорттары егілген.  Қожалық өнімдерін жүк көліктеріне тиеп, Ресейге экспорттауда. 50 күннің ішінде пісіп жетілген өнімнің келісін қожалық қазіргі таңда 200 теңгенің үстінде саудалауда.
           Қожалық басшысы өнімнің бағасы көңілді көншітетінін, еткен еңбекті және шыққан шығынды ақтай отырып мол пайда тауып жатқанын айтты. Қырыққабатты жинап, қораптарға салу үшін 20-дан астам жалдамалы жұмысшыларды жалдап, күнделікті еңбекақыларын беріп жатқанын да атап өтті.
            Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл қырыққабаттан өнімін жинап болған шаруа қожалықтары артынша мақта, бақша және мал азықтық дақылдар егіп, бір жерден 2-3 өнім алатындарын жеткізді. Оның айтуынша, Мақтаарал ауданында өткен 2021 жылы 415,5 гектар жерге қырыққабат дақылы егіліп, 20 мың тоннаға жуық өнім жиналған екен.
         Трансформатор жөндеу цехтары біздің облысымызда өте сирек, тіпті жоқтың қасы. Дегенмен, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде «Нұр шамы» ЖШС-нің басшысы Сырым Жүсіпов 2015 жылдан бері дәл осы қиын саланы қолға алып, 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған. Журналистер қауымы аталған цехтың жұмыс барысымен де танысты.
         Трансформатор цехы 10-1000 кВт күштік трансформаторларды, электр генераторларын,   дәнекерлеу трансформаторларын, терең сорғыларды, 0,6-1000 кВт электр қозғалтқыштарын жөндеу және компенсациялық қондырғыларды, қондырғылардың өтемдік құрылғысын орнату жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, жер асты кабельдерін іздеу, жер асты коммуникацияларының карталарын жасау, электр техникалық зертханасы, жер асты кабельдерінің зақымдалған жерлерін жағу  қызметтерін қоса атқарады.
         Қаламын қару еткен тілшілер Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде қаңтар айынан бастап ресми ашылған «Замандастар және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауданның 65 жастан асқан зейнеткерлері және 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтары ондаған қызмет түрін бір жерден пайдалана алады. Атап айтқанда, дәрігерлер кеңесі, құқықтық, психологиялық көмектер, емдік дене шынықтыру, шахмат, үстел теннисі, бильярд, ән айту, би билеу, кітапхана, компьютер, интернет курстары, қолданбалы шығармашылық өнер түрлері бойынша қызметтер көрсетіледі.
         БАҚ өкілдері Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтеріндегі 12 елдімекенге газ жеткізуші үлкен құбырдың құрылысымен де танысты. Жалпы ауданда 69 елді мекеннің 36 елді мекені табиғи газбен қамтылған болса, бұл аудандағы жалпы абонент санының 68,5 %-ын құрайды. Қалған газдандырылмаған 32 елді мекенді табиғи газбен қамту мақсатында бірнеше жобалар қатар іске асырылуда. Атап айтқанда, Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтеріндегі 12 елдімекенге газ жеткізуші құбырының құрылысын бастауға 934,5 миллион теңге қаржысы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы құны 1,9 миллиард теңгені құрайды.
           Бұдан бөлек, Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елдімекендегі ішкі газ жүйелерінің құрылысына мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, келісім-шарттары түзілген. Бүгінгі таңда 4 елдімекеннің (Алаш, Наурыз, Азамат және Диқан елді мекендері) құрылыс жұмыстарына 783,7 миллион теңге қаржысы қаралып, 2021 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы құны 1,4 миллиард теңге. Сонымен қатар, қолданыстағы АГТС-ның  (автоматты газ тарату станциясы) қуаттылығын толығымен пайдаланылуына байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мы тарапынан газ жүйелеріне қосылуға «мораторий» жарияланып, техникалық шарт беру тоқтатылған. Осыған орай қосымша қуаттылығы 50 мың м3/сағатты құрайтын «Мақтаарал» АГТС салу жұмыстарына 433,3 миллион теңге қаржысы қаралып, 2021 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Жалпы құны 1273,9 миллион теңге нысан құрылысы 2022 жылға өтпелі.
         Қалған газдандырылмаған 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуді бастау үшін 2022 жылға аудандық бюджеттен 11,5 миллион теңге қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
         Журналистердің соңғы барған нысаны – А.Қалыбеков ауылдық округі Абат елдімекенінде құрылысы жүріп жатқан 300 орындық Ж.Нұрлыбаев жалпы орта мектебі. Нысанның бас мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і, ал техникалық қадағалаушы «Фараб құрылыс» ЖШС-і.  Құрылысы жүріп жатқан алып мектептің аумағы 6936,39 шаршы метрді, жерінің аумағы 1,7 гектарды құрайды. Нысанның конкурстық құны 867,9 миллион теңге. Бас мердігер жаңа оқу жылына дейін жаңа мектепті ел игілігіне беруді көздеп отыр.
        Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбековтың айтуынша, өткен жылдан өтпелі 300 орындық 2 мектептің, 200 орындық  3 мектептің және ауданның дербес бөлімдеріне арналған әкімшілік ғимаратының құрылысы биыл жалғасып жатыр екен. Сонымен қатар, Мырзакент кенті Мадиходжаев көшесінің бойында салынып жатқан әкімшілік ғимаратының құрылыстарын жалғастыруға қаржы бөлінген.
         Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорт сарайының құрылысы да басталмақ. Жалпы биыл ауданда 6 миллиард теңгеге 9 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған.
        «Аудан орталығы Мырзакент кентінен үлкен спорт сарайының құрылысы, Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінен мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы, Жамбыл ауылдық округі Жалын елдімекенінен мәдениет үйі мен кітапханының құрылысы басталатын болады. Ол үшін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді» – деді Б.Анарбеков.
         Айта кетейік, ауданның бас архитекторы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданында орналасқан Жоба-1, Жоба-2 көшелерінің бойынан әрбірі 3 қабатты, 36  пәтерлері болатын жалпы 4 көпқабатты тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленгенін, қаржы бөлінген жағдайда құрылысы басталатынын да атап өтті.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...