Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ

ЕСІРТКІНІҢ ҚАУПІ МЕН ҚАТЕРІ

          Нашақорлық – мейрімсіздік пен қатыгездіктің, дінсіздіктің, барлық  қылмыстың  бастауы. Еліміздің экономикасы  артқан сайын есірткіге қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Кәзіргі  таңда бұл дертке  шалдыққандардың басым көпшілігі – жастар. Осы  қасыреттен талай  жас ғұмырын азаппен өткізіп қана қоймай, көктей солып, жарқын өмірмен  мезгілсіз қоштасуда. Бұл бүкіл қоғамымыздың  қауіпі мен қасіреті болып табылады.
         Оның дәмін татып, оның бір сәттік алдамшы  ләззатына бой салып алдырып, оған тәуелді  болып, Нашақор атанған адамдар ақыл – ой, сана – сезім, ар ождан, намыс, ұят секілді адами қасиетінен жұрдай болып, өзі түскен шыңыраудан шығатын күш-қайрат таба алмайды.
         Есірткі қолдану барысында ағзаның барлық органдары  мен жүйесі  зақымданады, ашуланшақтық, ұятсыздық, бас аурулары пайда болады. Есірткісіз тұра алмай, есірткеге ақша табу үшін қылмыс әлемінің қара жолына  қалай түскенін өздері де аңдамай қалады. Есірткіні қолданып тәуелді болу жолдары әрқилы, біреулер шетелдік кинолармен түнгі клубтарға, сауықханаларға барып бой алдырса, енді біреулер күнделікті  әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларының нашарлауын сылтау етіп, келесі  біреулер  өз ортасы мен отбасында  орын алған келеңсіз жайттар мен келіспеушіліктен іштей күйзеліске түсіп, соны ұмыту  үшін есірткіні пайдаланады.
          Есірткіні бір рет пайдаланып дәмін татқан  адам, оны міндетті түрде  тағы  да қолданады.  Бара — бара тәуелді болып, қалай нашақор болғанын білмей де қалады.Оған тәуелділер тек өзі ғана  емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса  тағы да бірнеше  адамды қоса ала кететіндігі айдан анық, соны ұмытпаңыздар.
Д.КУЛЖУМУРОВ,
Түркістан облысы бойынша ҚАЖД, Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты. 
 
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...