Home » Қоғам » АЛМАТЫДА ҚОҢЫР АЮ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

АЛМАТЫДА ҚОҢЫР АЮ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Кеше Іле – Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы саналатын Аюсай визит-орталығында Қоңыр аю апталығы басталды. Аталған іс-шараны ҚР БҒМ ҒК Зоология институты мен Іле Алатауы ұлттық паркі және Аюсай визит-орталығы бірлесіп, осы аумақты мекен еткен Тянь-Шань қоңыр аюының ұйқыдан ояну мезгіліне орай ұйымдастырып отыр.
БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ ҒК Зоология институты териология зертханасының ғылыми қызметкері, Халықаралық аюлар жөніндегі мамандар ассоциациясының (IBA) мүшесі, экология магистрі Санжар Қаңтарбаев, «Мың көз» соқпағы визуалдық тұжырымдамасының авторы, танымал суретші Санжар Жұбанов, Іле Аталауы МҰТП ғылыми-зерттеу жұмыстары және тау агробио әртүрлілігі бөлімінің бастығы Салтанат Усербаева мен аталмыш мекеменің ғылыми қызметкері Тұңғыш Жапарқұлов және т.б. мамандар сөз алып, жан-жақты толыққанды ақпаратпен бөлісті.


«Тянь-Шань қоңыр аюы Іле Алатауының әр жерінде таралған. Аюсай шатқалында аталған жыртқыштардың іздерін және басқа да нышандарын 2010 жылдан бастап әрбір мезгіл сайын тауып, тіркейміз. Орталық қызметкерлері Зоология институтының ұсынысымен шатқалда демалатын адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Аю – адам үшін өте қауіпті. Мүмкіндігінше аюдан қашып жүру керек. Кездейсоқ кездесе қалса ашулы аюдан тек қарудың көмегімен құтылуға болады. Сондықтан жабайы жануарды іздеуге аттанбас үшін жан-жақты ақпарат алып, арнайы дайындалған дәрістен өткен дұрыс» дейді ҚР БҒМ ҒК Зоология институтының териология бөлімінің ғылыми қызметкері Санжар Қаңтарбаев.
Ал, Іле Аталауы МҰТП ғылыми-зерттеу жұмыстары және тау агробио әртүрлілігі бөлімінің ғылыми қызметкері Тұңғыш Жапарқұловтың айтуынша, жаңбырдан кейін тауға көтерілгенде жол лайланып жататындықтан іздері анық түсетін көрінеді.


«Күз мезгілінде аю белсенді келеді. Ұйқыға кету үшін жеткілікті май жинау маңызды. Сондықтан да алма, долана өсетін тоғайлар мен таңқурайы көп алқапта көп кездеседі. Бұталардың арасында уақытша пайдаланатын жатақтары болады. Жеміс піскен уақытта аю көптеп қи (экскремент) тастайды. Қиды бақылау барысында долана, алма сияқты жемістің дәндері өте көп болады. Орманның табиғи түлеуіне септігін тигізеді. Олар Сиверс алмасының, кәдімгі өріктің табиғи таралуының тікелей көрсеткіші. Сонымен қатар орман жеміс ағаштарының жас бұтақтарын жеміс алам деп сындырып тастап, орман шаруашылығына аздап болсын зиян тигізеді. Ұлттық парк аумағында үй жануарларына шауып, шаруашылыққа тигізер зияны да бар» дейді Тұңғыш Жапарқұлов.


Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бүгінгі таңда аталған аймақта шамамен 75 қоңыр аю тіршілік етеді. Ақ тырнақты аю ретінде танымал Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Соңғы жылдары отандық зоологтар мен табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларының арқасында қоңыр аюдың Іле Алатауы тауларындағы танымалдығы артқан.
Айта кетсек, 15-21 наурыз аралығында Алматыда Тянь-Шань қоңыр аюының апталығы өтеді. Апталық аясында мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны студенттеріне, орталық қонақтарына тегін дәріс өткізіліп, экскурсия ұйымдастырылады.

Ержан ТОҚТАР

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...