Home » Қоғам » БІРЛІК. ТАТУЛЫҚ. ЫНТЫМАҚ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

БІРЛІК. ТАТУЛЫҚ. ЫНТЫМАҚ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

        Қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың сақталуына айрықша мән беріп келе жатқан мемлекет елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың маңыздылығын өзге елдерге де дәлелдеп берді.
         Қашан да бағасы қымбат осы бір ұстанымды алдағы уақытта да ары қарай дамыту мақсатында құрылған Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты С.Сейфуллин елді мекенінде алқалы жиын болып өтті. Басқосуға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серик Примбеков, Жетісай аудандық прокуратурасының прокуроры Мухтар Альжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Бауыржан Кеттебеков, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Газиза Шукурбаева, Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімі Султан Касымов пен учаскелік полиция инспекторлары, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысты.
           Жиынның күн тәртібінде көпұлтты Жетісай ауданында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың құрамын жасақтап, медиация жұмыстарын дамыту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы даулардың алдын алу, аудан жастарының этникалық белгісі бойынша қысым көрсетуді болдырмау және патриоттық сезімдерін ояту, этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік меңгерулеріне мүмкіндіктер жасау секілді бірқатар мәселелер қаралды.
          «Бүгінде елімізде барлық этностардың өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын, ынтасын байқап, еліміз барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ұдайы қолдап отыр. Қазақстанда нәсілдік, этникалық, тілдік, діни және өзге де белгілеріне байланысты кемсітуге жол бермеу туралы нақты ұстанымда екенін айта кеткен жөн. Яғни, еліміздегі барша ұлттың баласы теңдікте өмір сүріп жатыр. Міне, соның нәтижесінде біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізді мекен еткен барлық халықтың арасындағы этникааралық келісімді, дінаралық ауызбіршілікті сақтай алдық» деді аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков.
        Жиын барысында ауданда этносаралық жағдайлардың дұрыс шешілуін қамтамасыз ету, ұлтаралық жанжалдар мен қақтығыстарды болдырмау, бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында округтің беделді ақсақалдарынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, елді мекендерде жастармен кездесулер өткізу ұсынылды. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде де аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ.
           «Оқушыларымыздың бойында туған жерімізге деген мақтаныш пен отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу, бірлік, бейбітшілік пен татулық сынды ортақ құндылықтарды нығайту жолында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы мен атқарылар істердің жоспарларын біз мектеп ұстаздарымен, ата-аналармен пысықтау мақсатында жиі бас қосып отырамыз. Жіберілген кемшіліктер мен олқылықтарды бүкпесіз айтып, ұсыныс-пікірлерді талқылаймыз. Ауылдастар арасында ауызбіршілікті сақтауда түрлі мәдени, спорттық іс-шараларды ұйымдастырып отырамыз» дейді С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ғазиза Әлібекқызы.
           Жиын соңында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттағы елдік ұстанымға сай, қазақ жерін мекен еткен барлық этностар арасында достық қатынас орнатылып, олардың ауызбіршілікте өмір сүрулеріне және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауына барынша жағдайдың жасалуының нәтижесінде бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқандығы тілге тиек етілді. Бұл – қазақстандық үлгінің астарында «алуан түрлілік арқылы тұтастыққа» деген халқымызды біртұтастыққа шақырушы ұстанымының айғағы.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...