Home » Қоғам » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

           Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
          Күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін айтулы күнін Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі тұрғындары жоғары деңгейде атап өтті.
          Көптеген ұлттар мен этнос өкілдерінің бір-біріне ілтипат білдіріп, ырысты арттырып, ынтымағын нығайта түсуі мақсатындағы мерекеге арналған салтанатты жиынға Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бексултан Айдагараев пен Түркістан облысының Қоғамдық Даму Басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Құрманбек Рысмаханов, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Газиза Шукурбаева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов пен аталмыш бірлестіктің Жетісай ауданындағы төрағасы Шерзод Елов, Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімі Султан Касымов, округ ақсақалдары мен өзге ұлт өкілдері қатысты.
          Басқосу барысында аудандық «Парвиз» тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Елов елдегі жүргізіліп отырған салиқалы саясаттың нәтижесінде кезінде түрлі тағдыр тәлкегімен келген елдегі өзге ұлттар мен этнос өкілдерін бауырына басып, өзектен теппей қамқорлық көрсеткені үшін қазақ халқына шынайы алғысын білдірді.
         Өйткені, қиын-қыстау заманда өзгенің басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтеріп, бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшемін көрсете білген қазақ жерінде түрлі этнос өкілдерінің тұрақты түрде жұмыс жасайтын мәдени орталықтары ашылып, өз тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін оқып-тануларына барлық жағдай жасалған.
        «Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым ете отырып, шынайы алғысымызды білдіреміз.
Аталмыш мереке аясында біз де өз ризашылығымыз ретінде қайырымдылық шараларын ұйымдастырдық. Одан бөлек ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақты сақтау мақсатында барлық мектептерде кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз» дейді «Парвиз» тәжік этно-мәдени бірлестігінің Жетісай аудандық филиалының төрағасы Шерзод Елов.
          Мерекелік іс-шара барысында ауыл ақсақалдары Мырзашөл даласының кешегісі мен бүгінгісін, тәуелсіз Қазақстан елінің қол жеткізген жетістіктерін айтып, осынау бейбіт заманның негізін қалаған замандастарына өз алғыстарын білдірді. Өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін берді.
          «Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет» дейді аудандық мәслихат депутаты Ғазиза Әлібекқызы.
           Тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күнін жоғары деңгейде атап өтуде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары да өз үлестерін қосып әсем әннен шашу шашып, тамаша билерін ұсынды.
           Сонымен қатар, қазыналы қарттарын құрметтеп, қашан да болса ақыл-кеңестерінің құндылығын қадірлей білетін демеушілер мен өзге ұлт өкілдері бір-біріне құрмет көрсетіп, иықтарына ұлттық нақыштағы шапандарын жапты.
           Қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсету, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлердің жиынтығы іспетті «Алғыс айту күні» мерекелік шарасының соңында аудандық мәслихат депутаты Ғазиза Шүкірбаеваның демеушілігімен ас беріліп, өмірден өткендердің рухына құран бағышталды. Елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тілеп, бата жасасты.
Б.НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...