Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
МӘЖІЛІСМЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » МӘЖІЛІСМЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

МӘЖІЛІСМЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

         Әлемдегі кез-келген мемлекеттің негізгі қозғаушы күші – жарқын болашағы саналатын жастарға артылар үміт зор. Біздің мемлекетімізде жастарға білдірілген сенім бүгінде толықтай ақтала басталғандай. Себебі, шекаралас аймақта орналасса да қазақы қалпынан таймаған Жетісайдың белсенді жастары мемлекет басшысының болашаққа бек сеніммен қадам басқан әрбір бастамасын, жоспарлары мен мемлекеттік қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді.
            Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінде жастармен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов  ел жастарына осындай баға берді.
             Жастардың қоғамдағы орнын айшықтап, болашағын бағамдау, жоспарларды бірігіп талқылау мақсатында өткен басқосуға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серик Примбеков, «Сырдария» университетінің президенті Оңалбай Аяшев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Темір Қырықбаев пен Талғат Қаржауов, Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Алихан Утанов пен мәслихат аппаратының басшысы Сунгат Амангелдиев , «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, аудандық мәслихаттың ең жас депутаты Айбек Султанмурат пен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев, университеттің үздік, белсенді жастары қатысты.
          Жиын барысында мәжіліс депутаты Қайнар Бегалыұлы бүгінгі ел жастарына жасалып жатқан жағдайлар – білім мен ғылым, кәсіпкерлік, спорт пен мәдениет, әлеуметтік, IT саласымен қатар басқа да бағыттардағы мол мүмкіндіктер жайында сөз қозғап, мемлекет артқан сенімге нақты іспен, жоғары нәтижемен жауап беру керектігін айтты.
         «Үміт пен сенімнің жүгін арқалаған жастардың ел еңсесін көтеруге өз үлестерін қосулары үшін алар білімнің сапалы болғаны, барлық аудандар мен қалалардағы, елді мекендердегі жастардың белсенділігін арттыруды бірлесе жүргізуіміз керек. Бүгінгі бас қосуымыздың да басты мақсаты – елдегі мемлекеттік жастар саясатын насихаттауды ұйымдастыру, жүзеге асуына барлық деңгейдегі жастарды жұмылдыру» дейді мәжілісмен.
           Өзінің 24 жылдық тарихында талайлардың қанатын қатайтып, ғылым әлеміне аттандырған іргелі білім ордасы алыс-жақын шетелдік ғалымдармен де тығыз байланыста екенін, университет ұстаздарының шет елдерде оқып, білімін жетілдіріп отыратынын, әлемнің ең мықты деген оқу орындарынан келген шетелдік ғалымдар университет қабырғасында студенттерге дәріс берсе, «Сырдария» университетінің ұстаздары шетелдік оқу орындарына барып тәжірибе алмасып, білімдерін желтілдіріп келетінін айтқан оқу орнының негізін қалаушы Оңалбай Аяшев алдағы жоспарларымен де бөлісті.
             «Университет басшылығы бүгінде Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Испания, Португалия, Германия сынды елдердің және Кембридж университетінің оқытушы-ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Нәтижелеріміз де жаман емес. Біздің түлектеріміз білім, ғылым саласында еліміздің үздіктері атанып жүр. Мемлекет басшысының сенімін жастарымыз тек сапалы білім алып, білікті маман болып, еліне адал қызмет етіп қана ақтай алады» дейді Оңалбай Аяшұлы.
           Басқосу барысында жастар мәжіліс депутатының балалық шағы мен еңбек жолына, отбасылық өміріне қатысты сұрақтар қойып, жауаптарын алысты.
            «Жастарымыздың Мағжан Жұмабаев айтқанындай «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр. Жүректерінде жалын бар, бойларынан бұла күші тасыған ХХІ ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп отырған өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға үрке қарамай жақсыны көкейіне түйіп, өзінің рухани білімін шыңдаса ертеңгі ұрпағына айтар ақылы, ізгі өсиеті мол абыз қария болары анық» деп жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков көпшілікке алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...