Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙДА “ПАРАСАТ” ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖЕТІСАЙДА “ПАРАСАТ” ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ АШЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА “ПАРАСАТ” ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ АШЫЛДЫ

         “Nur Otan” партиясының Жетісай аудандық филиалында “ПАРАСАТ” пікірталас клубы ашылды. Клуб жиынына аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков төрағалық жасап, жүргізіп отырды.
          Ауданның ардагерлері мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар, БАҚ өкілдері мен белсенді блогерлер қатысқан жиында клубтың мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын ережелер талқыланып, төраға сайлау мәселесі дауысқа салынды.
            Жаңадан ашылған пікірталас алаңында жергілікті халықтың ұсыныстарына қарай өңір басшылары мен тұрғындар тұрақты түрде ашық диалог жүргізіп, ең өзекті проблемаларды талқылап, түсіндіру мен шешу жолдарын қарастырды.
         «Біз “Парасат” клубының жұмысын мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен ұштастыра отырып аудандағы өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыратын боламыз. Кез-келген саладағы олқылықтар осындай басқосуларда ашық талқыланып, клуб мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін болады. Бұл – өз кезегінде халықтың жағдайын жақсартуда оң ықпал етеді деп сенеміз” деді Серік Пірімбеков.
            Сонымен қатар, жиында клубтың ережесі мен мақсаты, міндеті, оның құрамы, басшылық жасау тәртібі, жалпы клубтың ұйымдастыру жұмыстары толық түсіндірілді.
              Партияның аудандық филиал төрағасының ұсынысымен “Парасат” пікірталас клубының төрағалығына “Nur Otan” партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов, орынбасарлығына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов бірауыздан сайланса, хатшылыққа партия филиалының консуьтанты Майра Қожабекова бекітілді.
             Жиын соңында клуб мүшелері тарапынан жұмыс сапасын жақсарту, ұйымдастыру, түсіндіру бойынша да мәселелер қаралып, ұсыныстар талқыланды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...