Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

            «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» деп, ұлы педагогымыз Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен қызығы бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Білім беу саласында тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері атанған кәсіби ұстаздар аз емес. Солардң бірі – «Нұрлы жол» жалпы орта  мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Исламбек Сарманов дер едік.
         Исламбек Қошқарұлы 1962 жылы 1 қаңтарда Өзбекстан Республикасы,  Сырдария облысы, Ворошилов ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, ол 1980 жылы Мәскеу педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, оны 1985 жылы бітіріп шығады.
          Исламбектің әкесі Қошқар Сарманов, Н.Крупская атындағы мектепте ұзақ жыл еңбек еткен өнегесі мол ұстаз еді. Әке жолын қуып ұстаз болуды армандаған Исламбек институтты оқып жүргенде еркін күрестен 1-разрядты спортшы атанып, КСРО-ның астанасы Мәскеуде бес оқу ордасынан сайысқа түскен бес топтың бәсекесінде еркін күрестен бірінші орынды да иеленді. Түрлі ұлт өкілдерін таң қалдырған қазақ жігітінің жүрегінің батылдығы мен білегінің күштілігіне өзгелер де сүйсініс білдірді.
         Туған жерінде аудандық Пионерлер үйінің директоры болып, аудандық оқу бөлімінде он сегіз жыл әдіскер ретінде қызмет еткен ол бүгінде «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ береді.
        Исламбектің өмірлік жары Гүлсара Малимова да Ресейдің Курск қаласында педагогикалық институттың орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша бітірген.
         Бүгінде тәжірибелі ұстаз, перзенттерінің үлкені Мақпал – Шымкенттегі  №56 мектепте физика пәні мұғалімі, екінші қызы Қымбат – Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медициналық институтты бітіріп дәрігер атанса, ұлы Арғынбек  мен қызы Тілектес  медакадемияны бітіріп, жоғары білікті фармацевттер атанды. Ал ең кенжелері Гүлдана  ҚазМУ-дың студенті.
          Ұстаз деген ұлы есімді қадірлеп, қастерлеп, бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне  арнаған Исламбек бүгінгі күні асқаралы 60 жасқа толып отыр. Оған ұзақ өмір, баянды бақыт, зор денсаулық, отбасына амандық пен құт-береке тілейміз.
Ә.ҚАЛМҰҚАН,
Жаңа жол ауылдық округі, Мақтаарал ауданы. Түркістан облысы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...