Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНА АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР КЕЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНА АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР КЕЛДІ

БАЛАЛАР КОЛОНИЯСЫНА АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР КЕЛДІ

                        Алматы қаласындағы балалар колониясында жыл сайын Жаңа жылды ән-күймен, көтеріңкі көңілмен қарсы алу дәстүрге айналған. Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүрген жасөспірімдерге Жаңа жыл қарсаңында Қамқоршылар кеңесінің, «Реванш» қоғамдық қорының өкілдері мен «Әлеуметтік жобалардың халықаралық ассоциациясының» өкілі Масаты Қасымжанова келіп, балаларға естен кетпес қуаныш сыйлады.
             Жазалы жасөспірімдерді ерекше шаттыққа бөлеген Аяз ата мен Ақшақардың «Мерекелік микс» концерттік шоу бағдарламасы болды.
              Аяз ата мен Ақшақардың ортасында түрлі ойындар ойнап, өз өнерлерін де ортаға салған жасөспірімдерге Қамқоршылар кеңесі мен «Реванш» қоғамдық қоры жаңажылдық сыйлықтар тапсырды. Балаларды қуанышқа бөлеу қызығынан «Әлеуметтік жобалардың халықаралық ассоциациясының» өкілі Масаты Қасымжанова да сырт қалған жоқ. Әр мереке сайын келіп, сый-сияпат жасайтын дәстүрін бұл жолы да жалғастырған Масаты Қасымжанова тәтті бәлішке толы мерекелік дастархан жайып, сыйлыққа әдеби кітаптар тарту етті.
             Бір сөзбен айтқанда шырша мерекесінің мақсаты тек ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алу емес, сотталған жасөспірімдердің жарқын болашаққа деген сенімін шыңдау болды десек артық айтпаспыз.
Гүлнәр МАҒЗҰМОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...