Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖҮРЕКТЕРГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТҚАН «СЕРПІН» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЖҮРЕКТЕРГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТҚАН «СЕРПІН»

ЖҮРЕКТЕРГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТҚАН «СЕРПІН»

             Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінде Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласынан келген делегация мүшелері жетісайлық оқушылармен, олардың ата-аналарымен, ұстаздармен жүздесті.
               С.Аманжолов Университетінің білім беру бағдарламаларына оңтүстік мектептерінің түлектерін тарту, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатындағы «С.Аманжолов университеті күндері» атты жиында жоғары сынып оқушыларына «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін» бағдарламасы аясында Өскемен қаласындағы «Сәрсен Аманжолов» мемлекеттік университетінде оқып, білім алуға шақырды.
                Кездесу барысында еліміздегі көп сұранысқа ие оқу орындарының алғашқы ондығында алтыншы орында тұратын оқу орны студенттерінің бүгінде онға тарта Еуропа мен Азия елдерінде білім алу мүмкіндіктері бар екенін, оңтүстік өңірлерден барған барлық студенттердің жатақханамен қамтылатынын айтқан университеттің қабылдау комиссиясының төрайымы Ләйла Байжұманова жастарға жасалатын жағдайлар мен жеңілдіктер, оқытылатын мамандықтар бойынша толық мағлұмат беріп өтті.
               Бүгінде 70-тен астам мамандық бойынша білім беріп, оның 50-ден астам мамандықтары бойынша бакалавриат дәрістерін жүргізетін оқу орны басшылығының тікелей араласуымен университет түлектері арасында тұрақты жұмысқа орналасушылардың саны жыл санап артып, аспирантура мен доктарантурада оқып білімдерін жетілдіріп жатқандардың да қарасы қалыңдап келеді.
              Биыл құрылғанына 68 жыл толған Шығыстың қарашаңырақ білім ордаларының бірі саналатын «Сәрсен Аманжолов» университетінің өнерпаздары жастарға концерттік бағдарламаларын ұсынып, Жетісай ауданынан барған студенттердің ата-аналары мен ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиевке, бірқатар мектеп директорларына университет ректорының алғыс хаттарын табыс етті. Құрмет көрсетті.
              Айта кетейік, 2014 жылы еліміздің еңбек ресурстары басым келетін оңтүстік өңірлерінің жастарын – кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, жұмысқа орналастыру идеясымен бастау алған бірегей бағдарлама, мыңдаған жастардың Батыс пен Шығыс, Солтүстік Қазақстанда білім алуына кең жол  ашты. Кәсіптік-техникалық колледждер мен жоғарғы оқу орындарында сапалы білім алып жүрген жастар – аталмыш бағдарламаның жемісі.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...