Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН ТУРНИР ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН ТУРНИР ӨТУДЕ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН ТУРНИР ӨТУДЕ

            Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін балалар мен жасөспірімдер арасында «Былғары доп» футбол жарысының аудандық кезеңі бастау алды. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұрат Болатұлы жас теңбіл доп шеберлерінің жасыл алаңдағы аламанында мықтылардың жеңіске жетуін тілеп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
          «Спорт – денсаулық кепілі. Спортпен шұғылданған адам ғана қоғамның толыққанды мүшесі бола алады, болашағын бағдарлап, алдына мақсат қоя алады. Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шара да сіздердің спортты серік етулеріңізге үлкен септігін тигізері анық. Жарыста ептілер мен мықтылардың жеңіске жетуіне тілектеспін. Құрметті спорт сүйер қауым! Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!» деді аудан басшысы.
           Жетісай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қала, кент, ауылдық округтерде бастау алған футбол аламаны 4 кезеңнен тұрады. 17-19 қараша аралығында өткен мектепаралық І кезеңде ауданның адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 73 жалпы орта мектептен 205 командада қатысса, 20-23 қараша аралығындағы ІІ кезеңде 42 команда бақтарын сынауда. ІІІ кезеңде іріктелген 14 команда 14-16 қараша аралығында өзара мықтыларды анықтайтын болады. Ал, 29 қараша мен 4 желтоқсан күндері өтетін аймақтық IV кезеңде үздік шыққан жетісайлық жастар көршілес Сарыағаш, Келес, Шардара және Мақтаарал ауданының жас футболшыларымен жасыл алаңда кездесетін болады. Ауданда мұндай шаралардың жиі өткізілуінің салдарында спортқа деген бұқараның қызығушылығы артып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың көрсеткіші 32 пайызға жеткен.
             «Жетісай ауданында 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, аудан әкімінің қаулысымен құрылған «Жетісай спорт клубы» тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Аталмыш спорт нысандарында 1727 бала спортпен шұғылдануда.
Тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында арнайы жоспарлар мен бағдарламалар бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесі де көңіл қуантарлық деңгейде» дейді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев.
            2005-2006, 2007-2008 және 2009-2010 жылы туылған балалар мен жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған шараға аудан мектептерінен 2662 оқушы қамтылған. Жарыс соңында 4 кезеңде де ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлер мен төрешілердің ықыласына бөленген жекелеген ойыншыларға облыстық футбол академиясына түрлі номинация бойынша жолдамалар берілетін болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...