Home » Ауыл шаруашылығы » ІРІ ҚАРА ЖӘНЕ ҰСАҚ МАЛДАРДЫ БІРДЕЙЛЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ІРІ ҚАРА ЖӘНЕ ҰСАҚ МАЛДАРДЫ БІРДЕЙЛЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

            Құрметті мырзакенттіктер! ҚР АШМ 30.01.2015 жылғы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/68 бұйрығына сәйкес қолда бар ірі қара және ұсақ малдарды бірдейлендіру (сырғалау және таңбалау) сұралады.
           Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға және оны болдырмауға септігін тигізетіні анық.
            Сондай-ақ: ҚР АШМ 29.04.2020 жылғы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №145 бұйрығына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерге жаюға (оның ішінде алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер) және өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге болмайды;
            ҚР АШМ 30.12.2014 жылғы «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» №16-02/701 бұйрығының 5-тармағы 4-тармақшасында көрсетілгендей жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы, үй, жабайы және асыл тұқымды жануарларды оқшауланған қора-жайда, қоршалған аумақта бос қойып немесе байлаулы ұстап бағуды қамтамасыз етуі қажет;
           ҚР АШМ 24.01.2008 жылғы «Жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін бекіту туралы» №28 бұйрығымен 1 басқа керекті тұрақ көлемі бекітілген осыған сәйкес, қолда бар ірі қара және ұсақ малдарды 1 басқа керекті тұрақ көлеміне сәйкестендіру керек.
            Осыған орай, Сіздерден жоғарыдағы Қағидаларда көрсетілгендерді орындау және сақтау сұралады.
           Жоғарыда аталған жағдайлар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 406, 408 және 505 баптарына сәйкес әкімшілік шара көрілетіндігі ескертіледі.Біздің міндетіміз – халықтың жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау, кент аумағында тазалықты сақтау, санитариялық күтіп-ұстау және кент көркін бұзбау, сонымен қатар жануарлар иелерін қорқыту, айыппұл салу емес, керісінше ұрлық пен қараусыз мал кесірінен болатын түрлі жол апатының алдын алу екендігін назарларыңызға жеткіземіз.
«Мырзакент кенті әкімі аппараты» ММ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...