Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АУДАН БАСШЫСЫ «СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АУДАН БАСШЫСЫ «СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

АУДАН БАСШЫСЫ «СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған білім беру мәселелеріне арналған тапсырмаларды жүзеге асыруға үлес қосу және мектептер мен колледждерді бітірушілердің болашақ мамандықтарын таңдауына кәсіптік бағыт – бағдар беру ісінде Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінде біршама жұмыстар атқарылған.
          Оқу орнында атқарылған жұмыстар мен студенттерге жасалған жағдайлардың барысымен бүгін Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы арнайы барып танысты.
          Университет жанынан ашылған «KinoAlem» кинотеатрының жұмысымен, көрермендерге жасалған жағдайлармен танысудан бастаған аудан басшысы оқу орнының зертханаларын, сонан соң қашықтықтан оқыту, электронды кітапхана мен университет ішінен ашылған тарихи-этнографиялық мұражайда болды. Аралас оқу форматында жұмыс жүргізіп отырған оқу орнындағы студенттердің жағдайлары мен тыныс-тіршілігінен, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруларына жасалған жағдайлардан хабардар болды.
           Білім ордасы мамандарының мәліметінше университет зертханасында бұған дейін аудандағы 90-ға тарта елді мекеннің ауыз су сапасының құрамына бактериялогиялық зерттеу жүргізіліп, тиісті қорытындылар жасалған. 2022 жылы бұл жұмыстарды аудан әкімдігімен біргелікте жүргізуге ниетті.
            23 жылдық тарихы бар «Сырдария» университетінде бүгінде 6 мыңға тарта студент білім алады. Талайлардың қанатын қатайтып, ғылым әлеміне аттандырған іргелі білім ордасы алыс-жақын шетелдік ғалымдармен де тығыз байланыста. Университет ұстаздары да шет елдерде оқып, білімін жетілдіріп отырады. Әлемнің ең мықты деген оқу орындарынан келген шетелдік ғалымдар университет қабырғасында студенттерге дәріс берсе, «Сырдария» университетінің ұстаздары шетелдік оқу орындарына барып тәжірибе алмасып, білімдерін желтілдіріп келуде. Нақтырақ айтар болсақ, университет басшылығы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Испания, Португалия, Германия сынды елдердің және Кембридж университетінің оқытушы-ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан.
          «Біздің университетте жабдықталған электронды кітапхана республикадағы электронды кітапханалары бар жоғары оқу орындарының арасында кітап қорымен, студенттер мен оқытушыларға қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілуі бойынша төртінші орында. Біздегі кітапхананың тағы бір ерекшелігі – қолжетімді. Алыс-жақын шетелдік іргелі оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуымыздың нәтижесінде бізде білім алушы студенттердің 10 пайызын көршілес мемлекеттерден келген жастар құрайды. Бізде бітірген студенттер де шет мемлекеттердің астирантураларында, докторантураларында дисертацияларын қорғап келіп жатыр» дейді университет ректоры, философия ғылымдарының докторы Тоқмырзаев Бақыт Салманұлы. Сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасылардан шыққан 58 студентке жеңілдіктер қарастырған «Сырдария» университетінде биылғы жылы 3 студент ректор грантының иегері атанған.
         Еліміздің қиыр оңтүстігінде орналасқан аталмыш университеттің бүгінгі таңда профессор-оқытушылар құрамының, оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру, материалдық техникалық базаны нығайту және қазіргі заман талабына сай жоғары білімді мамандарды оқытудың тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан тыңғылықты әрі жемісті жұмыстарына жоғары бағасын берді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...