Home » PRESS RELEASE » «ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ» ДАЙЫНДАҒАН РЕЙТИНГТЕР САПАСЫЗ – ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ

«ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫ» ДАЙЫНДАҒАН РЕЙТИНГТЕР САПАСЫЗ – ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ

             Академиялық адалдық лигасының платформасында білім саласының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді талқылады. Қатысушылар Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стандарттарына сай келмейтінін айтты. Олар жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметіне және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға нұқсан келтіретінін алға тартады сарапшылар.
            «Қазақстан студенттер альянсы» өткізетін рейтингті ерекше атап өткім келеді. Ол білім алушылардың сауалнамасының негізінде жасалады және сол арқылы әлеуметтік желілерде өздерін белсенді түрде жарнамалап  жүр. Аталған рейтингті дайындаушылар екінші жыл қатарынан Қазақстанның үздік және нашар ЖОО-лары бойынша тізімді жариялайды. Олардың 2020 жылғы рейтингінде көрсетілген бірде-бір үздік университет 2021 жылғы үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірмегені, ал 2020 жылғы ең нашар 10 университеттің қатарында болған Нархоз университеті 2021 жылғы үздік ЖОО-лар қатарына кіргені есте қаларлық жайт. Егер үздіктер тізімі жыл сайын өзгеріп отырса және оған академиялық жетістіктері туралы ешкім естімеген университеттер кіре алатын болса қазақстандық академиялық рейтингтер туралы пікір қандай болуы мүмкін? Сонымен қатар Қазақстан студенттері альянсының рейтингі мемлекет қаржысына жасадалады. Сауалнама жүргізілген жобағаАзаматтық бастамаларды қолдау орталығы 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген», – деді Академиялық адалдық лигасының сарапшысы Яков Воронков.
           Олжас Ордабаевтың айтуынша, нәтижеде көрсетілген мұндай үлкен айырмашылық рейтинг әдістемесінде айтарлықтай кемшіліктердің бар екенін аңғартады.
         «Әдетте, нәтижелердің осыншалықты әртүрлі болуы рейтинг әдістемесінің өзгергенін көрсетеді. Яғни ақпараттар өзгерді және бәрі түзетілді. Бұл – әзірлеушілер әлі де дұрыс әдістемені іздеп жүр деген сөз. Себебі, егер әдістеме қалыптасқан болса, ол айтарлықтай өзгермейді, өйткені өзгертудің өзінің белгілі бір негіздемесі бар. Мұны тек осылай объективті тұрғыда түсіндіруге болады» – деді ол.
           Шара барысында Академиялық адалдық лигасының өкілі Яков Воронков жоғары оқу орындарының кез келген академиялық рейтингісінің бес негізгі мақсатын қандай болуы керек екенін ұсынды:
  1. Талапкерлерді және өзге де мүдделі тұлғаларды (жұмыс берушілер, орталық мемлекеттік органдар және т. б.) хабардар ету;
  2. Жоғары оқу орындарына ұйымның жұмысын жақсартуға мүмкіндік беретін деректерді ұсыну;
  3. Зерттеушілерге деректерді ұсыну;
  4. ЖОО қызметін әдістемеде белгіленген параметрлер бойынша кешенді бағалау;
  5. Азаматтыққоғамалдындағыесептілік.
           Оның пікірінше, қазіргі уақытта білім беру бағдарламаларының бір ғана рейтингі  жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жауап береді. Бұл – жыл сайын ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасайтын рейтинг. Олар әрбір ЖОО-ның қызметін «мансаптық перспективалар», «білім беру бағдарламасының сапасы» және «білім алушылардыңжетістіктері» сияқты әдістемеде жазылған параметрлер бойынша бағалайды. Ол кешенді түрде жасалатынын дәлелдейді. Белгіленген индикаторлар бойынша негізгі көрсеткіштер ресми сайтта https://atameken.kz/ru/university_ratings ашық жарияланады, ал әдістеме жыл сайын жоғары оқу орындарының, Академиялық адалдық Лигасының және басқа да стейкхолдерлердің қатысуымен қайта қаралып, жақсарады.
Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...