Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» (IAAR) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГТЕРІМЕН АЙНАЛЫСПАУЫ ТИІС – СЕРГЕЙ ПЕН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» (IAAR) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГТЕРІМЕН АЙНАЛЫСПАУЫ ТИІС – СЕРГЕЙ ПЕН

«АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» (IAAR) БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГТЕРІМЕН АЙНАЛЫСПАУЫ ТИІС – СЕРГЕЙ ПЕН

            «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсізагенттігі» (IAAR) білім беру ұйымдарының рейтингтерімен айналыспауы тиіс. Бұл туралы Академиялық адалдық лигасы жалпы жиналысының төрағасы Сергей Пен онлайн-талқылау барысында мәлімдеді.
           Шара барысында модератор спикерге Академиялық адалдық лигасының өз рейтингін дайындау туралы сұрақ қойды. Алайда Сергей Пен ЖОО-лардың рейтингін жасаумен университеттерге қатысы жоқ субъект айналысуы керек деген жауап қатты. Сондай-ақ, төраға «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» (IAAR) неліктен білім беру ұйымдарының рейтингін жасаумен айналыспауы тиіс екенін атап өтті.
          «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» (IAAR) мұндай рейтингтің жасалуынаараласпауы керек. Сіздер операциялық шығындарды ашу туралы айтып отырсыздар, бірақ біз бұл рейтингтіңдайындалуында агенттіктің қаржылық мүддесі бар деп есептейміз. Егер сіздердің әдістемелеріңізге көз жүгіртетін болсақ, онда деректердің 90%-ын  университеттің өзі беретінін байқауға болады.Ал сіздер ол деректердің шынайылығын заңды түрде тексере алмайсыздар. Агенттікте оларды салыстыру үшін барлық мемлекеттік мәліметтер базасына кіруге әкімшілік рұқсат жоқ» — деді Сергей Пен.
           Спикер Академиялық адалдық лигасы жоғары оқу орындарының рейтингін ұйымдастыруға арналған әдістемені әзірлеуге әрқашан дайын екенін жеткізді.
         «Академиялық адалдық лигасы рейтингті өзі ұйымдастырмауы керек. Бірақ біз әдістемесін әзірлеп, оны сараптамадан өткізуге әрі сіздерге ұсынуға дайынбыз. Айта кетерлігі, оны іске асырушы ұйым университеттерге тәуелді емес субъект болуы керек. Сондықтан,егер Олжас Ордабаев «Атамекен» ҚР ҰКП атынан тек білім беру бағдарламалары бойынша рейтингтерді ұйымдастырушы ғана емес, сондай-ақ National Student Survey сынды ұлттық сауалнамалар операторының рөлін атқаруға келіссе, онда біз шын ниетпен барлық құралдарды әзірлеуге дайынбыз. Себебі бұл жұмыстың ашық жүргізілуіне мүмкіндік береді. Біз әдістемешынайы, объективті және манипуляцияларға төтеп бере алатындай болуын қалаймыз» — деп толықтырды Сергей Пен.
Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...