Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

«Спорт – денсаулық кепілі» деп дәріптейтін жетісайлық жұртшылық үшін тағы бір жағымды жаңалық.
 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен бекітілген спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2021 жылдың 10 – 20 қазан күндері аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Ақ Бидай» республикалық VII ауыл спорты ойындары өткен болатын.
Жалпы спорттың 15 түрінен еліміздің 14 облысының құрама командалары бақ сынаған байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жалпы командалық есепте жүлделі І орынды иеленді.
 
Облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен жетісайлық жүлдегерлерді бүгін Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Алдағы спорттық мансаптарына сәттілік тіледі.
 
«Сіздердің жеңістеріңіз ел Тәуелсіздігі аясында ауданымыздың жұртшылығына үлкен тарту деп есептеймін. Бұл жарыста сіздер тек ауданның ғана емес облыстың мерейін асырып, республикаға паш еттіңіздер. Жетісайда салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорттың даму деңгейін көрсеттіңіздер, жылдар бойы жасап жүрген жаттығуларыңыздың нәтижесін бағамдадыңыздар. Қашан да жолдарыңыз ашық, жеңісті күндеріңіз көп болсын!» деді аудан басшысы.
 
Айта кетейік, облыс құрамасы сапында өнер көрсеткен жетісайлық спортшылар Дәулет Мұхаметали, Айтболат Қонысбай және Жарқынбек Мырзақұл үстел теннисінен жүлделі ІІІ орынды иеленді. Футболдан кездесулерде қарсыластарының қақпасының ұрымтал тұсын тауып 20 гол соққан Серікбай Бейбарыс «Ақ Бидай» республикалық VII ауыл спорты ойындарының «Үздік сұрмергені» атанса, Сәкен Орынбеков пен Қуандық Ілімов үздік ойыншы ретінде марапатталды. Ал, волейболдан құрамасында өнер көрсеткен Ербол Ерімбет үздік ойыншылардың қатарынан көрінді.
 
Салтанатты қабылдау соңында үстел теннисінің жеңімпаздары республикалық турнирдің кубогі мен медалін «Жетісай ауданының үстел теннис федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Әлихан Утановқа сыйға тартты.

Бауыржан НАЙМАНОВ,

Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...