Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ЖЕТІСАЙДА 500 ОРЫНДЫҚ КИНОТЕАТР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙДА 500 ОРЫНДЫҚ КИНОТЕАТР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА 500 ОРЫНДЫҚ КИНОТЕАТР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

              Жетісай қаласында жаңа кинотеатр іске қосылды. Бұған дейін қаладағы «Сырдария» университетінің меншігіндегі студенттердің мәдени, әдеби кештері өткізіліп келген 500 орындық «Қазақстан» студенттер сарайы қайта жабдықталып, заманауи кинотеатрға айналды.
          Кинотеатрдың іске қосылуына «Сырдария» университетінің негізін қалаған профессор, қоғам қайраткері Оңалбай Аяшев, маэстро-композитор, профессор Бөрі Иса, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, аудандық мәслихатының депутаты Гүлмира Саржанова мен «Жаңа Жетісай» аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Алтынбек Тастанбеков, қала тұрғындары мен студент жастар қатысты. Заманауи дыбыс ұлғайтқыштармен жабдықталған кинотеатрда көрермендерге арналған күту залдары да қарастырылған.
          «Мақсат – аудан тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне, отандық, әлемдік жоғары сапалы кино туындыларды үлкен қалаларға бармай-ақ өзімізде көрулеріне жағдай жасау. Мұнда келушілерге арналған күту залы, сусындар қарастырылған. Киносеанстардың да бағасы жетісайлық тұрғындардың, студенттердің қалтасына салмақ салмайтын болады» дейді профессор Оңалбай Аяшев.
         Кинотеатрдың ашылуынан соң қонақтарға «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі көрсетілді.             Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапон режиссеры Лиза Такебаның бірлесіп түсірген фильмнің премьерасы 2019 жылы Бусан халықаралық фестивалінде өткен. Сол жылы бұл фильм Жапониядағы Токио халықаралық фестивалінде де көрермен назарына ұсынылған.
          Картина Скандинавиядағы ең ірі Göteborg халықаралық кинофестивалінде, кейінірек Гонконг, Прага, Барселона, Нью-Дели, Хельсинки, Торонто, Котбус, Женевадағы кинофестивальдерге шақырылған. 2021 жылы 29 шілдеде «Барымташылар. Уақыт жолдары» көркем фильмі Францияда және 20-дан астам ірң қалаларда көрсетілді.
            Фильмде қазақ ауылы, жылқы бағып, сатып күнелтетін қарапайым шаруалар көрсетіледі. Сюжет бойынша жылқыны сатып алуға барымташылар келіп, мал иелерін өлтіріп кетеді. Туындыда үш баламен қалған әйел және кішкентай Олжастың бастан кешкені баяндалады. Басты рольдерде Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, қазақстандық актер Дулыға Ақмолда, жапон актеры Мирай Морияма ойнайды. Әкесінен айырылған бала – Олжастың ролінде Мәди Минайдаров.
            Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Tokyo New Cinema» компаниясы бірігіп Алматы облысында түсірген.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...