Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҚОСМАН АЙТМҰХАМЕТОВТІҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ҚОСМАН АЙТМҰХАМЕТОВТІҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ АШЫЛДЫ

ҚОСМАН АЙТМҰХАМЕТОВТІҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ АШЫЛДЫ

                Мақтааралда саналы ғұмырын еліміздің көркеюіне, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының қалыптасуына және Түркістан облысының жандануына арнаған аптал азамат, мемлекет қайраткері Қосман Айтмұхаметовтің ескерткіш-бюсті ашылды.
            Іс-шараға – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Қосман Қайыртайұлының анасы, бауырлары, әріптестері мен Мақтаарал ауданының тұрғындары қатысып, әсерлі естеліктер айтты. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған отаншыл тұлға былтыр 57 жасқа қараған шағында дүниеден озған болатын.
           «Түркістан облысын дамыту жолында айрықша еңбек сіңірген ол мемлекеттік қызметтің қай саласында болмасын өзін іскер ұйымдастырушы, талапшыл басшы ретінде көрсете білді. Біліктілігі мен жоғары жауапкершілігінің арқасында әрбір істің көзін таба білетін бастамашыл қасиеттерімен бүгінгі қоғамның дамуына өзіндік еңбегін сіңірді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің сенімді серігі, әріптесі ретінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, Түркістан қаласының өркендеуіне зор үлесін қосты»,- деді С.Қалқаманов.
         Қосман Қайыртайұлы облыс орталығы Түркістан қаласын өркендетуге белсене атсалысты. Сондай-ақ, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру, Мақтаарал ауданында топан судан зардап шекккен елді мекендердің қайта бой түзеуі бағытында да нағыз қайраткерге тән еңбек етті. Төтенше жағдайды жою жөніндегі штабқа басшылық жасап, құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүруіне үлес қосты. Ауыр дертке қарамастан мақтааралдықтармен бірге болып, сын сағатта азаматтық, қайсарлық таныта білді. Апат салдарынан бұзылған, қираған үйлердің орнын тазарту, тұрғын үйлер салу жұмыстарының басы-қасында жүрді. Мал-мүлік шығындарын есептеу кезінде де бақылауды босаңсытпады. Елді мекендерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға да өлшеусіз үлес қосты. Су тасқынынан зардап шеккен «Жеңіс», «Жаңа тұрмыс», «Достық» ауылдарының тұрғындары қоныстанған Мырзакенттегі жаңа шағынауданда іскер басшының қолтаңбасы бар.
          Мақтааралдықтар мен Мақтаарал ауданы әкімдігі тарапынан Мырзакенттегі орталық көшеге Қосман Айтмұхаметовтің атын беру жөнінде республикалық ономастикалық комиссиясына ұсыныс жолданған. Нәтижесінде комиссия оң шешім қабылдап, арда азаматтың атына көше берілген болатын. Ал 15 қазанда аптал азаматтың айбарлы ескерткіш-бюсті дайындалып, шағынауданның ортасында орналасқан жаңа саябақтың төріне орнатылды.
           Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...